Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Құтты мекен» партиялық жобасы бойынша

2020 жылдың 24 қарашасында «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында Күршім ауданының Марқакөл ауылында жөнделіп жатқан нысандарға «Nur Otan» партиясы Куршім аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Қалелов рейд жүргізді.

Марқакөл ауылындағы салынған балалар ойнайтын ойын алаңдарын, Марқакөл ауылына орнатылып жатқан қоршаулардың жұмыс сапасы тексерілді.

Марқакөл мәдениет үйінің ағымдағы жөндеудің сапасы мердігерлердің қатысуымен қаралып, мерзімінде аяқтау үшін ұсыныстар берілді. Мәдениет үйінің жөндеуін 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне дейін аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар мердігердің қатысуымен Марқакөл ауылындағы ауруханадағы жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізілді. Тексеру барысындағы кемшіліктерді қалпына келтіру мердігерге тапсырылып, жұмыстарды мерзімінде аяқтау ұсынылды. Мердігер Тәуелсіздік күніне дейін емханадағы жөндеу жұмыстарын толық аяқтауға уәде берді.

0
0
160

Осы тақырып бойынша

«Құтты мекен» партиялық жобасы бойынша - Yvision.kz