Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев
халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған төрт басымдықты анықтап берген болатын. Соның бірі – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауды көздеген «Бақытты отбасы» жобасы. Бұл бастама тікелей көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған. Жоба қазірдің өзінде жүзеге асып, көптеген отбасының бақытын еселеп үлгерді. Осы орайда бүгін «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен Айнабұлақ окургінің әкімі Мәулен Бәзілов Айнабұлақ ауылының көпбалалы аналардың үйлеріне барып, қал-жағдайларын біліп қысқа дайындығын, онлайн режимде қалай білім аплып жатқанын және санитарлық жағдайға байланысты өзін-өзі сақтандыруға гигиеналық тәртіпті сақтауды ескертті.
