«Қоскөл» БПҰ өкілдерімен «Аумақтарды дамыту» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды.
«Қоскөл» бастауыш партия ұйымының өкілдерімен «Аумақтарды дамыту» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды. 2016-2020 жылдарға арналған Қаратөбе ауданының аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша 2019 жылы республикалық бюджеттен 498,7 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 84,4 млн. теңге және басқа қаржы көздерінен 210,0 млн. теңге барлығы 792,7 млн. теңге оның бөлініп, толықтай игерілген. Бағдарлама аясында 5 бағыт бойынша 12 мақсат пен 31 нысаналы индекаторлардың орындалуына қол жеткізілген.
