Аудандық мәслихат депутаты И.П.Классен Ханкөл ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.
Аудандық мәслихат депутаты И.П.Классен Ханкөл ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындарды «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, жұмыспен қамту мәселелері бойынша ауыл тұрғындарымен пікірлесті. Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаты ауыл тұрғындары тарапынан ауыл тіршілігіне қатысты қойылған сауалдарға жауап беріп, алдағы жылы атқарылар жұмыстар бағытында ой бөлісті.
