Мазмұнға өту

Жаңа

«Bolashaq» бағдарламасының түлегі Тұяқов Бауыржан Орынбайұлымен кездесу өтті.

Бүгін Қарақия аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы ғимаратында ауданымыздың белсенді жастары «Bolashaq» бағдарламасының түлегі Тұяқов Бауыржан Орынбайұлымен кездесу өткізді.

Тұяқов Бауыржан "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның "Ноттингем" университетінде 2018жылы білім алған.

Қазір елге оралып сол алған білімі бойынша қызмет атқарып жатырғанын айтты.

Кездесу барысында жастарға қазіргі заманда білім алудың қаншалықты маңызды және керекті екенін атап өтті.

Бауыржан Орынбайұлына алдағы жұмысына сәттілік тілейміз. Жастарымызға үлгі тұтарлық сіз сияқты азаматтарымыз болғанына мақтан етеміз.

0
0
149

Тұрғындармен онлайн форматта кездесу өтті.

Бүгін Қарақия аудандық "Nur Otan" партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Көшенов тұрғындармен онлайн форматта кездесу өткізді.

Тұрғындар тарапынан мәселелер тыңдалып, шешілу жолдары түсіндірілді.

«Bolashaq» бағдарламасының түлегі Марат Себасовпен кездесу

Бүгін облыстың белсенді жастары «Bolashaq» бағдарламасының түлегі Марат Себасовпен кездесті.⠀Кездесу қонағы 30- жасында Британияның 3 топ университетінің құрамына кіретін «Лондон экономика және саяси ғылымдар» мектебіне бағдарлама арқылы оқуға түсіп, 2 жыл білім алады.«30 жасымда еш ойланбастан бағдарламаға қатысуды жөн санадым. Сол уақытта «Қазақтелеком» АК Маңғыстау облысы бойынша филиалының орынбасары қызметінде едім. Отбасым болды. Бірақ, осылардың барлығын тастап шетелде білім алуды көздедім. Мақсатым орындалып, шетелде білім алдым. Елге оралып, алған білімім бойынша қызмет атқарып жатырмын» дейді Марат Себасов.«Кездесу қатты ұнады. Кеш қонағымен танысып, ағалық ақыл-кеңесін алдым. Білім алу үшін ешқашан кеш емес екендігін түсіндім» дейді белсенді жас Усенов Ақылбек.#NurOtan #JasOtan…

0
0
188

"Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында мониторинг жүргізілді.

Мониторинг барысында аудан бойынша мүгедек жандардың қаншасы тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқанын, олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген бе, сол жайында толық ақпарат алынды.Түпқараған ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының маманыМадина Капурын "Қазіргі таңда 2020 жылы, яғни, осы уақытта дейін мүгедектігі бар жандардың 18-і тұрақты жұмыспен қамтылған" - деді. Партия төрағасының бірінші орынбасары Светлана Түгелқызы мүгедектігі бар жандар басым бөлігі қай салада жұмыс істеп жатқанын және жоба бойынша қатысып жатқан мүгедек жандар бар ма, сол жайында ақпарат сұраған болатын."Бастау бизнес жобасы бойынша 11 мүгедектігі бар жандар қатысты. Жоба бойынша 5 адам грант алған болса, 3 адам өз кәсібін бастау үшін несие алды. Және де қоғамдық жұмысқа 2, жастар тәжірибесіне 2 ад…

0
0
207

«Тарих жетістігі» тақырыбында жастарға «Болашақ» бағдарламасы түсіндірілді

Жоғары оқу орнын аяқтап, одан әрі білімін жетілдіру мақсатында кез келген жас өреннің арманы шетелдің беделді жоғары оқу орындарына түсіп, сапалы білім алғысы келетіні анық. Ал 1 жылдық оқу құнының өзі бірнеше ондаған мың доллар болатын Оксфорд, Кембридж сынды университеттерде баласын оқытуға ата-ананың қалтасы көтермей жатады. Бірақ Тәуелсіздік алған жылдардан бастап мұндай шетелдік беделді оқу орындарында жастарымыздың білім алуына жол ашылды. Оған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құрған «Болашақ» бағдарламасы мүмкіндік берген еді.«1993 жылдан бері 13 мың жастың шетелде білім алуына жағдай жасап, олардың заман талабына сай білікті маман болуына жол аштық. Бүгінде «Болашақ» стипендиясымен оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника сал…

0
0
211

Әлемдегі ең танымал Coursera онлайн-оқыту платформасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік ...

Әлемдегі ең танымал Coursera онлайн-оқыту платформасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп қазақстандықтар үшін тегін онлайн-білім берудің ауқымды жобасын іске асыруда. Жоба 31 қазанға дейін есептелген, алайда ұйымдастырушылар арасында курстарға тіркелу мерзімін 2020 жылғы 14 желтоқсанға дейін және оқу мерзімін 2021 жылғы 15 ақпанға дейін өтеусіз негізде ұзарту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бүгінгі таңда қазақстандықтардан 74 мың өтінім келіп түсті, 38 мың адам оқудан өте бастады. Бұл ретте жобаның тіркелген 36 мыңға жуық қатысушысы курстардан өтуге кіріспеді. Еңбекмині өтінім берген қазақстандықтарды Coursera алаңында оқуға кірісуге шақырады, себебі бөлінген орындар саны шектеулі. Қазіргі уақытта 12 мың тег…

0
0
238

Мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда

Семей қаласында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында полиция басқармасы мен әкімдік өкілдерінен құралған мониторингтік топтар күнделікті карантиндік нормалардың сақталуы бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

2020 жылдың 2 желтоқсанында Семей қаласының ТКҚҚББ қызметкерлерімен а.ж. 18 қазанында тыйым салынған уақытта жұмыс жүргізгені үшін (22:00-ден кейін) тіркелген заңбұзушылық фактісіне сәйкес «Blackberry» кафесінің (Шәкәрім көшесі, 42 мекен-жайында орналасқан) иесіне ҚР ӘК 425-бабының 1 бөлімі бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Айыппұл соммасы 319 470 теңгені құрайды.

0
0
216