"Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында мониторинг жүргізілді.
Мониторинг барысында аудан бойынша мүгедек жандардың қаншасы тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқанын, олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген бе, сол жайында толық ақпарат алынды.
Түпқараған ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының маманы

Мадина Капурын "Қазіргі таңда 2020 жылы, яғни, осы уақытта дейін мүгедектігі бар жандардың 18-і тұрақты жұмыспен қамтылған" - деді.
Партия төрағасының бірінші орынбасары Светлана Түгелқызы мүгедектігі бар жандар басым бөлігі қай салада жұмыс істеп жатқанын және жоба бойынша қатысып жатқан мүгедек жандар бар ма, сол жайында ақпарат сұраған болатын.
"Бастау бизнес жобасы бойынша 11 мүгедектігі бар жандар қатысты. Жоба бойынша 5 адам грант алған болса, 3 адам өз кәсібін бастау үшін несие алды. Және де қоғамдық жұмысқа 2, жастар тәжірибесіне 2 адам жолданды. Тағы да қоса кететін жайт, әлеуметтік жұмыс орнына 3 адам жолданды. Жалпы, барлығы 18 мүгедектігі бар жандар тұрақты жұмыс орнына орналасты" - деді М.Капурын
