Мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда
Семей қаласында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында полиция басқармасы мен әкімдік өкілдерінен құралған мониторингтік топтар күнделікті карантиндік нормалардың сақталуы бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
2020 жылдың 2 желтоқсанында Семей қаласының ТКҚҚББ қызметкерлерімен а.ж. 18 қазанында тыйым салынған уақытта жұмыс жүргізгені үшін (22:00-ден кейін) тіркелген заңбұзушылық фактісіне сәйкес «Blackberry» кафесінің (Шәкәрім көшесі, 42 мекен-жайында орналасқан) иесіне ҚР ӘК 425-бабының 1 бөлімі бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Айыппұл соммасы 319 470 теңгені құрайды.
