Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Bolashaq» бағдарламасының түлегі Марат Себасовпен кездесу

Бүгін облыстың белсенді жастары «Bolashaq» бағдарламасының түлегі Марат Себасовпен кездесті.

Кездесу қонағы 30- жасында Британияның 3 топ университетінің құрамына кіретін «Лондон экономика және саяси ғылымдар» мектебіне бағдарлама арқылы оқуға түсіп, 2 жыл білім алады.

«30 жасымда еш ойланбастан бағдарламаға қатысуды жөн санадым. Сол уақытта «Қазақтелеком» АК Маңғыстау облысы бойынша филиалының орынбасары қызметінде едім. Отбасым болды. Бірақ, осылардың барлығын тастап шетелде білім алуды көздедім. Мақсатым орындалып, шетелде білім алдым. Елге оралып, алған білімім бойынша қызмет атқарып жатырмын» дейді Марат Себасов.

«Кездесу қатты ұнады. Кеш қонағымен танысып, ағалық ақыл-кеңесін алдым. Білім алу үшін ешқашан кеш емес екендігін түсіндім» дейді белсенді жас Усенов Ақылбек.

#NurOtan #JasOtan #JasOtanMangystau

0
0
169

Осы тақырып бойынша

«Bolashaq» бағдарламасының түлегі Марат Себасовпен кездесу - Yvision.kz