«Bolashaq» бағдарламасының түлегі Тұяқов Бауыржан Орынбайұлымен кездесу өтті.
Бүгін Қарақия аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы ғимаратында ауданымыздың белсенді жастары «Bolashaq» бағдарламасының түлегі Тұяқов Бауыржан Орынбайұлымен кездесу өткізді.
Тұяқов Бауыржан "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның "Ноттингем" университетінде 2018жылы білім алған.
Қазір елге оралып сол алған білімі бойынша қызмет атқарып жатырғанын айтты.
Кездесу барысында жастарға қазіргі заманда білім алудың қаншалықты маңызды және керекті екенін атап өтті.
Бауыржан Орынбайұлына алдағы жұмысына сәттілік тілейміз. Жастарымызға үлгі тұтарлық сіз сияқты азаматтарымыз болғанына мақтан етеміз.
