Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Тарих жетістігі» тақырыбында жастарға «Болашақ» бағдарламасы түсіндірілді

Жоғары оқу орнын аяқтап, одан әрі білімін жетілдіру мақсатында кез келген жас өреннің арманы шетелдің беделді жоғары оқу орындарына түсіп, сапалы білім алғысы келетіні анық. Ал 1 жылдық оқу құнының өзі бірнеше ондаған мың доллар болатын Оксфорд, Кембридж сынды университеттерде баласын оқытуға ата-ананың қалтасы көтермей жатады. Бірақ Тәуелсіздік алған жылдардан бастап мұндай шетелдік беделді оқу орындарында жастарымыздың білім алуына жол ашылды. Оған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құрған «Болашақ» бағдарламасы мүмкіндік берген еді.

«1993 жылдан бері 13 мың жастың шетелде білім алуына жағдай жасап, олардың заман талабына сай білікті маман болуына жол аштық. Бүгінде «Болашақ» стипендиясымен оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника салаларында жүздеген ғылыми әзірмелер мен ірі жобаларды жүзеге асырып, зор жетістіктерге жетіп отыр» - деді Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы ретте аудан жастарына «Болашақ» бағдарламасын түсіндіру жұмысы жүргізілді. Осы бағдарламамен жоғары оқу орнына түсу бойынша жаңа талаптары бойынша ақпарат берілді.

0
0
191

Осы тақырып бойынша

«Тарих жетістігі» тақырыбында жастарға «Болашақ» бағдарламасы түсіндірілді - Yvision.kz