Әлемдегі ең танымал Coursera онлайн-оқыту платформасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік ...
Әлемдегі ең танымал Coursera онлайн-оқыту платформасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп қазақстандықтар үшін тегін онлайн-білім берудің ауқымды жобасын іске асыруда. Жоба 31 қазанға дейін есептелген, алайда ұйымдастырушылар арасында курстарға тіркелу мерзімін 2020 жылғы 14 желтоқсанға дейін және оқу мерзімін 2021 жылғы 15 ақпанға дейін өтеусіз негізде ұзарту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бүгінгі таңда қазақстандықтардан 74 мың өтінім келіп түсті, 38 мың адам оқудан өте бастады. Бұл ретте жобаның тіркелген 36 мыңға жуық қатысушысы курстардан өтуге кіріспеді. Еңбекмині өтінім берген қазақстандықтарды Coursera алаңында оқуға кірісуге шақырады, себебі бөлінген орындар саны шектеулі. Қазіргі уақытта 12 мың тегін лицензия қолжетімді, оларды тіркелген, бірақ оқуды бастамаған азаматтар да, 14 желтоқсанға дейін өтінім беріп, ұнаған курстарды таңдап үлгерген кез келген қазақстандық та пайдалана алады. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/131404... *** Самая известная в мире платформа онлайн-обучения Coursera, совместно с Министерством труда и социальной защиты населения РК и АО «Центр развития трудовых ресурсов» реализует масштабный проект бесплатного онлайн-образования для казахстанцев. Проект был рассчитан на срок до 31 октября, однако между организаторами достигнута договоренность о продлении срока регистрации на курсы до 14 декабря 2020 года и срока обучения до 15 февраля 2021 года на безвозмездной основе. На сегодняшний день от казахстанцев подано 74 тыс. заявок, 38 тыс. человек уже начали проходить обучение. При этом порядка 36 тыс. зарегистрированных участников проекта не приступили к прохождению курсов. МТСЗН призывает казахстанцев, подавших заявки, приступить к обучению на площадке Coursera ввиду того, что количество предоставленных мест ограничено. На данный момент доступно 12 тыс. бесплатных лицензий, которыми могут воспользоваться как зарегистрировавшиеся, но не начавшие обучение граждане, так и любой казахстанец, который успеет подать заявку до 14 декабря и выберет понравившиеся курсы. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/131404...
