Мазмұнға өту

Жаңа

Мен - сайлау үшін!

Екібастұзда "Мен - сайлау үшін!" онлайн-акциясы жалғасуда. Оның қатысушылары - "Jas Otan" жастар қанатының белсенділері.

Акция барысында жас екібастұздықтар сайлауға қатысудың маңызы туралы айтып өтті. «Елімнің болашағы менің азаматтық ұстанымыма байланысты», «Мен — сайлау үшін, өйткені ол — әр азаматтың борышы», «Мен жарқын болашақты таңдаймын!» деп пікір білдірді жастар.

«Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
180

Бір отбасында тату тұрамыз

Бүгін Екібастұз қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Бір отбасында тату тұрамыз» челленджі басталды.

Челлендж барысында «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелері «Nur Otan» партиясы ЕҚФ әлеуметтік желілердегі парақшаларындағы жарияланымдарға пікір қалдырып, ел Тәуелсіздігінің мерейтойына орай жарық көрген жазбаларға репост жасауда.

Екібастұз қаласының тұрғындарын «Бір отбасында тату тұрамыз» челленджіне қатысуға шақырамыз.

«Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
206

Жастар — болашақтың энергиясы

Бүгін «Jas Otan» жастар қанатының мен Жастар бастамаларын дамыту орталығының белсенділері «Жастар — болашақтың энергиясы» TEDx кездесуін өткізді.

Қатысушылардың көбі жаны қалайтын істі ғана емес, жасына қарамастан өмірде қол жеткізіп үлгерген спорт пен ғылымдағы, жеке кәсіп ашудағы, рационализаторлық жоба қорғаудағы жетістіктерімен бөлісті.

Мәселен, қаладағы студенттік шаралардың ұйымдастырушысы Егяна Рустамова еріктілер тобына қалай келгені туралы айтып, «Волонтер болу — мамандық емес, жан қалауы» екенін атап өтті.

Өз кезегінде жас партияластар «Біз біргеміз» республикалық акциясы және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы кезінде атқарылған волонтерлық жұмыстары туралы баяндады.

«Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
148

Рейд өткізді

Бүгін, желтоқсанның 8-күні, «Nur Otan» партиясы ЕҚФ партиялық бақылау және мониторинг Комиссиясының мүшелері «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында әлеуметтік маңызы бар нысандардың қолжетімдігін бақылап өтті.

Рейдке қатысқан Э.Абдинов, Б.Екпiнтай, Д.Субеков, А.Калевич және басқалар қаланың сауда үйлерін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімдігін тексерді.

Рейд қорытындысы бойынша, «Гамма» және «Тұлпар» СҮ-нің басшыларына ескерту жасалынып, пандустарды талапқа сай ретке келтіруге нұсқау берілді.

«Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
186

«Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты мәдени-танымдық экскурсиясы ұйымдастырылды.

«Үркер» бастауыш партия ұйымы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде партия мүшелері, мәдениет және өнер өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты мәдени-танымдық экскурсиясы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты мемлекеттік тілдің қоғамдағы беделін нығайтып, қоғамымыздың жетекші салаларындағы тілдік қолданысты арттыру, қазақ тілін дәріптеу, тіл мәдениетін көтеру және мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру.

Танымдық экскурсия барысында партия мүшелеріне, мәдениет және өнер өкілдеріне тіл мерекесі күнінің ауысынуы жөнінде толық ақпарат берілді.

0
0
195

Ұлттық тәрбиенің негіздері

Ұлттық тәрбие – бiздiң ұрпақтан-ұрпақ¬қа жеткiзетiн асыл қазынамыз. Тарихқа үңілер болсақ әрбір халықтың, әрбір ұлттың өз мәдениеті, тұрмыс тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, дәстүрі, тәрбиелеу тәсілі болатынын білеміз. Халық тәрбиесі – ғасырлар бойы сараланып сан сыннан өткен, сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып және ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи және мәдени мұрасы. Адам баласы қашанда тәрбиеге мұқтаж. Тәрбие еліміздің, ұлтымыздың бүгіні мен болашағы баянды болу үшін қажет. Сондықтан да алдымен, бүгінгі қоғам келбетімен үндесетін ұлт болашағының бағытын анықтап алу керек. Аталмыш тақырып аясында партияның «Бақытты отбасы» жобасын басты назарға ала отырып, Еңбек ауылдық о…

0
0
174

«Еріктілер – біздің көмекшілеріміз»

Биыл еріктілер жылы болып жариялануына байланысты сондай-ақ, әлемдегі пандемиялық ахуалдың әсерінен елдегі еріктілер қозғалысы қарқынды дамып келеді. Осы орайда жаңадан келген еріктілер қайда, қалай және кімге көмектесу керегін білмейтін жағдайлар туындап жатады. Сол себепті қайырымды жандардың еріктілік бойынша сауаттылығын арттыру мәселесі маңызды міндетке айналып отыр. Осы орайда, бүгін, «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалында волонтерлердің қатысуымен «Еріктілер – біздің көмекшілеріміз» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті.Жиында өз еркімен, өзінің есебі арқылы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласушы жастардың қозғалысы жайлы сөз болды. Сондай-ақ, еріктілердің басты мақсаты жайында: «Қоршаған ортаға қамқорлық көрсетіп, мұқтаждарға көмек беру арқылы ізгілік жолында жастардың өз ізі…

0
0
285

Мемлекеттік органдар өкілдерінің және тұрғын үй иелерінің қатысуымен жиналыс өтті.

Коммуналдық қызметтерге тариф белгілеу әдістемесін түсіндіру бойынша мемлекеттік органдар өкілдерінің және тұрғын үй иелерінің қатысуымен жиналыс өтті. ZOOM платформасы арқылы өткен кездесуге жиырмадан астам азамат қатысты.

Тұрғындарға коммуналдық төлемдердің бағасын бекіту бойынша атқарылатын жұмыстардың тізбесі таныстырылды. Ол төмендегідей ретпен жүзеге асатын болады:

1. Жергілікті БАҚ өкілдері (газет) арқылы хабарлама жариялау.

2. Қоғамдық кеңес мүшелері арқылы талқыланып, хаттама түзіледі.

3. Кәсіпкерлікті қолдау басқармасы арқылы жобасы жасақталады

4. «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау палатасы арқылы зерделенеді

5. Мәслихат депутаттарына қарауға ұсынылады.

6. Мәслихат бекіткен соң әкімің қаулысы шығады.

0
0
154