Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Еріктілер – біздің көмекшілеріміз»

Биыл еріктілер жылы болып жариялануына байланысты сондай-ақ, әлемдегі пандемиялық ахуалдың әсерінен елдегі еріктілер қозғалысы қарқынды дамып келеді. Осы орайда жаңадан келген еріктілер қайда, қалай және кімге көмектесу керегін білмейтін жағдайлар туындап жатады. Сол себепті қайырымды жандардың еріктілік бойынша сауаттылығын арттыру мәселесі маңызды міндетке айналып отыр. Осы орайда, бүгін, «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалында волонтерлердің қатысуымен «Еріктілер – біздің көмекшілеріміз» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті.

Жиында өз еркімен, өзінің есебі арқылы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласушы жастардың қозғалысы жайлы сөз болды. Сондай-ақ, еріктілердің басты мақсаты жайында: «Қоршаған ортаға қамқорлық көрсетіп, мұқтаждарға көмек беру арқылы ізгілік жолында жастардың өз ізін қалдыру» деген ой айтылды.

Расында, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық пен қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарытуда еріктілер қозғалысының үлесі зор. Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы, мемлекетіміздің мәртебесі екенін ескерсек, «Еріктілер» жылының астарында үлкен мән-мағына, ұтымды саясат жатқанын аңғарамыз.

0
0
271

Осы тақырып бойынша

«Еріктілер – біздің көмекшілеріміз» - Yvision.kz