Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Рейд өткізді

Бүгін, желтоқсанның 8-күні, «Nur Otan» партиясы ЕҚФ партиялық бақылау және мониторинг Комиссиясының мүшелері «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында әлеуметтік маңызы бар нысандардың қолжетімдігін бақылап өтті.

Рейдке қатысқан Э.Абдинов, Б.Екпiнтай, Д.Субеков, А.Калевич және басқалар қаланың сауда үйлерін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімдігін тексерді.

Рейд қорытындысы бойынша, «Гамма» және «Тұлпар» СҮ-нің басшыларына ескерту жасалынып, пандустарды талапқа сай ретке келтіруге нұсқау берілді.

«Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
168

Осы тақырып бойынша

Рейд өткізді - Yvision.kz