Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұлттық тәрбиенің негіздері

Ұлттық тәрбие – бiздiң ұрпақтан-ұрпақ¬қа жеткiзетiн асыл қазынамыз. Тарихқа үңілер болсақ әрбір халықтың, әрбір ұлттың өз мәдениеті, тұрмыс тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, дәстүрі, тәрбиелеу тәсілі болатынын білеміз. Халық тәрбиесі – ғасырлар бойы сараланып сан сыннан өткен, сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып және ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи және мәдени мұрасы. Адам баласы қашанда тәрбиеге мұқтаж. Тәрбие еліміздің, ұлтымыздың бүгіні мен болашағы баянды болу үшін қажет. Сондықтан да алдымен, бүгінгі қоғам келбетімен үндесетін ұлт болашағының бағытын анықтап алу керек. Аталмыш тақырып аясында партияның «Бақытты отбасы» жобасын басты назарға ала отырып, Еңбек ауылдық округінің «Аққошқар ауылдық мәдениет Үйінде» көп балалы аналармен кездесу болып өтті. Аталмыш шараға «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева , Жалағаш аудандық әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Э. Құттымбетова, Жалағаш аудандық ауруханасының педиатор дәрігері Н.Омарова және «Еңбек ауылдық округі» БПҰ Ш.Ақшонтаевалар қатысты. Кездесуде "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қойылған сауалдарға жауаптар берілді. Кездесу барысында барлық санитарлық талаптар ескерілді.

0
0
155

Осы тақырып бойынша

Ұлттық тәрбиенің негіздері - Yvision.kz