Мемлекеттік органдар өкілдерінің және тұрғын үй иелерінің қатысуымен жиналыс өтті.
Коммуналдық қызметтерге тариф белгілеу әдістемесін түсіндіру бойынша мемлекеттік органдар өкілдерінің және тұрғын үй иелерінің қатысуымен жиналыс өтті. ZOOM платформасы арқылы өткен кездесуге жиырмадан астам азамат қатысты.
Тұрғындарға коммуналдық төлемдердің бағасын бекіту бойынша атқарылатын жұмыстардың тізбесі таныстырылды. Ол төмендегідей ретпен жүзеге асатын болады:
1. Жергілікті БАҚ өкілдері (газет) арқылы хабарлама жариялау.
2. Қоғамдық кеңес мүшелері арқылы талқыланып, хаттама түзіледі.
3. Кәсіпкерлікті қолдау басқармасы арқылы жобасы жасақталады
4. «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау палатасы арқылы зерделенеді
5. Мәслихат депутаттарына қарауға ұсынылады.
6. Мәслихат бекіткен соң әкімің қаулысы шығады.
