«Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты мәдени-танымдық экскурсиясы ұйымдастырылды.
«Үркер» бастауыш партия ұйымы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде партия мүшелері, мәдениет және өнер өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты мәдени-танымдық экскурсиясы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты мемлекеттік тілдің қоғамдағы беделін нығайтып, қоғамымыздың жетекші салаларындағы тілдік қолданысты арттыру, қазақ тілін дәріптеу, тіл мәдениетін көтеру және мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру.
Танымдық экскурсия барысында партия мүшелеріне, мәдениет және өнер өкілдеріне тіл мерекесі күнінің ауысынуы жөнінде толық ақпарат берілді.

