Жастар — болашақтың энергиясы
Бүгін «Jas Otan» жастар қанатының мен Жастар бастамаларын дамыту орталығының белсенділері «Жастар — болашақтың энергиясы» TEDx кездесуін өткізді.
Қатысушылардың көбі жаны қалайтын істі ғана емес, жасына қарамастан өмірде қол жеткізіп үлгерген спорт пен ғылымдағы, жеке кәсіп ашудағы, рационализаторлық жоба қорғаудағы жетістіктерімен бөлісті.
Мәселен, қаладағы студенттік шаралардың ұйымдастырушысы Егяна Рустамова еріктілер тобына қалай келгені туралы айтып, «Волонтер болу — мамандық емес, жан қалауы» екенін атап өтті.
Өз кезегінде жас партияластар «Біз біргеміз» республикалық акциясы және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы кезінде атқарылған волонтерлық жұмыстары туралы баяндады.
«Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық филиалының баспасөз қызметі.
