Мазмұнға өту

Жаңа

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық сайлауалды штабы

Қабылдаулар партияның сенімді өкілдері мен партиялық тізімге енген кандидаттармен 2020 жылғы 11 желтоқсаннан 2021 жылғы 08 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Назарларыңызға «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының азаматтарды қабылдау кестесін ұсынамыз. Елімізде короновирус індетінің таралуын алдын алуға бағытталған шектеу шараларының енгізілуіне байланысты қабылдау онлайн форматта жүргізіледі.

🔹Төмендегі көрсетілген байланыс телефондары бойынша қабылдауға алдын ала жазылуыңызды сұраймыз

📲 8 (7292) 42 97 37, 8​ 778​ 387 46 43

0
0
186

«Nur Otan» партиясынан кандидаттар павлодарлықтармен ZOOM платформасында кездесті

«Nur Otan» партиясынан кандидаттар Виталий Голубенко және Ертарғын Шахман павлодарлықтармен ZOOM платформасында  кездесті.

Қиын эпидемиологиялық жағдайға байланысты кездесу онлайн форматта өтті. Ертарғын Шахман университет қызметкері ретінде жастар үшін қолжетімді жоғары білім туралы айтып берді. Көп балалы отбасылар мен жетім балалар оқуға түсу кезінде қандай жеңілдіктер ала алатынын түсіндірді.

Виталий Голубенко өз сөзінде экологиялық мәселелерді қозғады.

- Мен қала тұрғындарына ортақ мәселелерімізді шешуге көмектескім келеді. Мен металлургпын, ал металлургтер сөздерін жерге тастамайды, - деді қалалық мәслихат депутаттығына кандидат.

Қалалықтармен онлайн-кездесу барысында Павлодар қаласының экологиялық жағдайын жақсарту туралы сұрақ қойылды.

- Мәселе біздің өңір үшін өте өзекті. Мен 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның стратегиясы әзірленді, оның негізгі міндеті электр сүзгілерін кезең-кезеңімен ауыстыру болып табылады. Қарапайым сөзбен айтқанда, бізде түтіндететін төрт құбыр бар, кейде қалаға қарай түтіндетеді. Біздің міндетіміз – осы шығарындыларды барынша азайту, - деді Виталий Голубенко. – Қазір кәсіпорын гибридті электр сүзгілерін сатып алуда. Олардың тазарту деңгейі жүзесе жоғары. Әрине, бір жыл ішінде бұл жұмысты аяқтау мүмкін емес. Бірте-бірте біз сүзгілердің біреуін ауыстырамыз, барлығы – 15 сүзгі. Уақыт өте келе барлық сүзгілерді алмастырамыз және зиянды шығарындыларды бірнеше есе азайтуға қол жеткіземіз. Бұл жұмыс шынымен жүргізілуде және екі сүзгі ауыстырылғандығын атап өткім келеді.

Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда Павлодар үшін экология мәселесі өте өзекті болып табылады. Өз тарапынан «Nur Otan» партиясы жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған түрлі мемлекеттік жобаларды іске асыруға жәрдемдесуге ниетті.

________________________________________________

Кандидаты от партии «NUR OTAN»  Виталий Голубенко и Ертаргын Шахман встретились с павлодарцами в ZOOM.

В связи с непростой эпидобстановкой встреча прошла в формате онлайн. Ертаргын Шахман как работник университета рассказал о доступном высшем образовании для молодежи. Объяснил, какие льготы при поступлении могут получить молодые люди из многодетных семей и дети-сироты.

Виталий Голубенко в своем выступлении затронул проблемы экологии.

- Я хочу помочь горожанам в решении наших общих проблем. Я металлург, а металлурги слов на ветер не бросают, - заявил кандидат в депутаты городского маслихата.

Во время онлайн-встречи с горожанами был задан вопрос об улучшении экологической обстановки в городе Павлодар.

- Вопрос очень актуальный для нашего региона. АО «Алюминий Казахстана», где я работаю больше 20 лет, разработана стратегия, основная задачей которой является поэтапная замена электрофильтров. Если сказать по-простому, у нас есть четыре трубы, которые дымят, и иногда - в сторону города. Наша задача – максимально снизить эти выбросы, - сказал Виталий Голубенко. – Сейчас предприятием закупаются гибридные электрофильтры. У них в сотни раз выше степень очистки. Конечно, за один год эту работу не завершить. Постепенно мы будем заменять по одному из фильтров, всего их 15. Со временем заменим все фильтры и добьемся того, что вредные выбросы сократятся во много раз. Уверяю, эта работа реально ведется, два фильтра уже заменили.

Не секрет, что на сегодняшний день вопросы экологии для Павлодара стоят особенно остро. Со своей стороны партия «Nur Otan» намерена содействовать реализации различных госпроектов, направленных на модернизацию дорожной и транспортной инфраструктуры, жилищно-коммунальной сферы и улучшению экологической обстановки.

#nurotan #jenimpazbol #tanday2021

0
0
119

Есіктен Есікке

Мінекей, көптен күткен сайлау жұмыстарының үгіт насихат жұмыстары басталды. Күнде жүретін жолымдағы көшемде тұратын қариялардың тұратынын жақсы білемін. Сайлау науқанының мақсаттарын қарттарымызға жеткізейін әрі жағдайларын білейін деп осы жандардан бастадым. Джумағалиев Нұрлан атамыз жолдасы Мұхамбетиярова Жұмазиямен бүгінде зейнеткер. Сайлауға баратынын айтып, партияға сенім білдіретінін және келгеніме риза ниетін жеткізді. Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған қос қария балаларының тілекшілері. Солардың тілеуін тілеп, қолдан келген көмектерін аямауда. Сонымен қатар биыл еңбек жолын бастаған жиені  Мұстафиева Айгерім де осы сайлауға қатысатынын жеткізді. Ұстаздық жолын енді бастаған Айгерім алғаш рет сайлауға қатыспақ. Есіктен есікке жеткен партияластардың  ниеті жүректен жүрекке жетеріне сенімдіміз. Жеңімпаз болу өз алдына, елге пайдамыз тисін деп тілейік! Жарқын күндерде жолығайық.

0
0
152

Сарыөлеңдегі кездесу.

Сарыөлеңдегі кездесу

Ауданның бекітілген жүйелік кестесіне сәйкес 2020 жылдың 12 желтоқсан күні Сарыөлең ауылдық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.  Кездесуге аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Г.Керуенова, Т.Бахтияров және аудандық сайлауалды қоғамдық штабтың төрағасы М.Қалелов қатысты. Кездесуде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасымен М.Қалелов, ауданның сайлауалды бағдарламасымен Т.Бахтияров, Г.Керуенова таныстырды. Кездесу барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Кездесу соңында қатысушылар өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын жеткізді. Сайлауалды бағдарламаға көптеген игі шаралар енгеніне, Бұқтырма су қоймасы арқылы салынатын көпірдің енгізілгеніне үлкен алғыстарын айта отырып, енді ауданға көрші Зайсан ауданынан газ құбыры тартылса деген ұсыныстарын айтты.

Нравится

Комментировать

Поделиться

0
0
135

#EсіктенЕсікке

#EсіктенЕсікке

#NurOtan

#Сайлау2021

Кандидат Айнагүл Мағауяқызы Ойшыбаева

Мұқановтар отбасының анасы Ұлжан анамыз 1938 жылы дүниеге келген. Аудандық аурухананың ұзақ жылдар қызмет еткен қызметкері. Ауруханада ауыр жұмыстың бел ортасында жүрген күндерін апай былай деп алады. "- қапшықтап жүктерді түсірген кездеріміз жиі болатын, жұмыс талғамайтынбыз, жан баласымен санаспайтынбыз, енді соның салдары жылдар өте шығып, белден шойырылып жүруден қалдым" дейді. Сайлаудың қазыргі өзгешеліктеріне құлақ түріп, жақсылықтың ерте кеші болмайтынын, партияның игі істеріне аналық алғысын жеткізді. Тек өкініштісі, аяғымнан жүре алмай отырғандықтан өздерің үйге келсеңдер деп өз өтінішін жеткізіп жатты. Аналар ауырмасын деп, еліме пайдасым тисін деп еңбек етіп жүрген азаматтарымыз атқа қонсын деп тіледік. Есіктен есікке айтылған ақжарма ниеттер жүректен жүрекке жетсін. #Жеңімпазбол

#Сайлауғабар

0
0
177

Есіктен есікке акциясын өткізді

Кандидат Айнагүл Мағауяқызы Ойшыбаева

Еңбекпен көзін ашып бүгінде балаларға салмақ салмай, қайта соларға пайдам тисін деп жүрген абзал ана, еңбек ардагері Алдиярова Жаңылсын 1937 жылы дүниеге келіпті. Жұмыс талғамаған, уақытпен санаспаған, жан баласына салмақ салмаған зейнеткер ана. Есіктің алдындағы мұздаққа құлап қалсада аурухана бармапты. Неге қаралмайсыз, деген сұрағыма, "-бәлнес маған не істер дейсің, жасы келген адаммын. Қайта әлсін әлсін ауырып қала беретін қызымды уайымдаймын. Солар ауырмасын" дейді. Міне ана жүрегі деген осы ғой. Өзі өліп бара жатсада, баласының қамын жейді. Партияның жұмыстарын қызыға тыңдаған кейуана, үйден дауыс беруге өтініш айтып, қалын сұрай барған маған алғыс айтты. Сайлаудың талайы болып жатырғанын пайдасы елге болсын деген ананың ақ жарма тілегін Сіздерге жеткізіп сөзімді аяқтаймын. Есіктен есікке жеткен тілектер мен ниеттер жүректен жүрекке жетер жеңісті күндерде жолықтырсын. #сайлауғабар

#Жеңімпазбол

0
0
211

ЭКСПРОМТ - КЕЗДЕСУ өтті

Бүгін 12 желтоқсан күні Сырым аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Т.Даргужиев, М.Каримов  және штаб төрағасының орынбсары С.Иманғалиев «Кәрім» ШҚ-на барып, ЭКСПРОМТ - КЕЗДЕСУ өткізді. Кездесуге аталмыш қожалықтың жұмысшылары қатысты. 

Кандидаттар қожалық жұмысшыларына партияның сайлауалды бағдарламасымен және қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен таныстырды.

Кездесудің басты мақсаты сайлаушылармен тікелей қарым – қатынас жасау, сондай-ақ, ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген өзекті мәселелерді жазып алып, оларды шешуге атсалысу.

0
0
142

Ауыл тұрғындарымен онлайн-кездесу

Бүгін аудандық сайлауалды штаб мүшелерінің Заря ауылының АӘК алушыларымен онлайн-кездесуі өтті. Штаб жетекшісі Вера Гейнц жиналғандарды "Nur Otan"партиясының сайлауалды бағдарламасының әлеуметтік блогымен таныстырды. Атап айтқанда, ол Үкімет пен партия пандемия кезінде азаматтарға ерекше қамқорлық көрсеткенін хабарлады – жеті мыңнан астам аудан тұрғындары АӘК алды, үш мыңға жуық адам азық-түлік жиынтықтары үшін және коммуналдық шығындарды жабуға төлемдер алды. Жүз аз қамтылған отбасы әлеуметтік көмекпен қамтылды. Сонымен қатар, Вера Александровна 2021-2023 жылдарға арналған ауылдарда су құбырларын салу және жолдарды жөндеу бойынша ауқымды партиялық жобалар, "Жайлы аудан" бағдарламалық блогы және ауданда спортты дамыту туралы айтты.

Айтылған деректер онлайн-кездесуге қатысушылар арасында ыстық ықыласқа ие болды. Осылайша, ауыл тұрғыны З. Токина партия активіне ауыл тұрғындарының мұқтаждықтарына көңіл бөлгені және аз қамтылғандарға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді. Оның отбасы биыл коммуналдық төлемдерді төлеуге қаражат алды. Р. Ахметова футбол алаңын салу жобасы үшін партияға үлкен алғысын білдірді. Оның жолдасы Марат Ахметов – облыста танымал футбол жаттықтырушысы. Жаңа алаң құрылысы Заря футболшылар үшін аса қуантатын жағдай. Кездесуге қатысушылар г.Жанкаринова, г. Ахметова және Дәулетбаева өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, келе жатқан мерекемен, ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Сегодня состоялась онлайн-встреча членов районного предвыборного штаба с получателями АСП села Заря. Руководитель штаба Вера Гейнц ознакомила собравшихся с социальным блоком предвыборной программы партии «Nur Otan». В частности, она сообщила, что особую заботу о гражданах Правительство и партия проявили в период пандемии – свыше семи тысяч районных жителей получили АСП, около трёх тысяч человек получили выплаты за продуктово-бытовые наборы и на покрытие коммунальных расходов. Сто малообеспеченных семей были охвачены социальной помощью. Отдельно Вера Александровна рассказала о масштабных партийных проектах по строительству водопроводов и ремонту дорог в сёлах на 2021 – 2023 годы, программном блоке «Комфортный район» и развитии спорта в районе.

Озвученные данные встретили горячий отклик среди участников онлайн-встречи. Так, сельчанка Зейнеп Токина поблагодарила партийный актив за внимание к нуждам сельчан и помощь малообеспеченным. Её семья получила в этом году средства на оплату коммунальных платежей. Какима Ахметова выразила огромную благодарность партии за проект по строительству футбольного поля в Заре. Её супруг Марат Ахметов – известный в области тренер по футболу. Для него и его подопечных новое поле станет прекрасным фундаментом для новых побед. Свои добрые пожелания и поздравления с наступающим праздником, Днём Независимости РК высказали участницы встречи Гульжанар Жанкаринова, Гульнара Бейсембаева и Даулетбаева.

0
0
311

Этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу өтті

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Анар Ізден, Бейбіткүл Каримова, Гүлнар Жұмашева және Ли Илларионның қатысуымен өткен кездесу үгіт насихат жұмыстарының аясында ұйымдастырылды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филианың ғимаратында өткен кездесуге этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Кездесуге келген әртүрлі ұлт өкілдері ел болашағының баянды болуы жолында өзара татулық пен келісімнің сақталуы маңызды екенін атап өтті.

Кездесу аясында «Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның сәтті дамуының сенімді іргетасы» екендігін жеткізген үміткерлерге кездесуге қатысушылар тарапынан тақырып аясындағы ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ, ырыс-ынтымақтың жарқын үлгісін қалыптастыру арқылы сайлауалды бағдарламаларды тиімді түрде  жүзеге асыру кетектігін де айтты. Бағдарлама сәйкес, дінаралық қатынастарды және этносаралық келісім мен бірлікті нығайту үшін этномәдени және діни бірлестіктердің жұмысына қолдау білдіру қолға алынған.

0
0
219

"Кандидатқа сұрақ қой" жобасы

 Аталған эфир Дербісов Қалым Бисенұлының фейсбук парақшасында өтті.  Эфир барысында өңірдегі жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі, жалпы алдағы сайлаудың бұрынғы сайлаудан өзгешелігі туралы және тағы басқа мәселелер қозғалды. Сонымен қатар, тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарына нақты жауап берді.

0
0
153