Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сарыөлеңдегі кездесу.

Сарыөлеңдегі кездесу

Ауданның бекітілген жүйелік кестесіне сәйкес 2020 жылдың 12 желтоқсан күні Сарыөлең ауылдық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Г.Керуенова, Т.Бахтияров және аудандық сайлауалды қоғамдық штабтың төрағасы М.Қалелов қатысты. Кездесуде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасымен М.Қалелов, ауданның сайлауалды бағдарламасымен Т.Бахтияров, Г.Керуенова таныстырды. Кездесу барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Кездесу соңында қатысушылар өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын жеткізді. Сайлауалды бағдарламаға көптеген игі шаралар енгеніне, Бұқтырма су қоймасы арқылы салынатын көпірдің енгізілгеніне үлкен алғыстарын айта отырып, енді ауданға көрші Зайсан ауданынан газ құбыры тартылса деген ұсыныстарын айтты.

📷

📷

📷

Нравится

Комментировать

Поделиться

Осы тақырып бойынша

Сарыөлеңдегі кездесу. - Yvision.kz