«Nur Otan» партиясынан кандидаттар павлодарлықтармен ZOOM платформасында кездесті
«Nur Otan» партиясынан кандидаттар Виталий Голубенко және Ертарғын Шахман павлодарлықтармен ZOOM платформасында кездесті.
Қиын эпидемиологиялық жағдайға байланысты кездесу онлайн форматта өтті. Ертарғын Шахман университет қызметкері ретінде жастар үшін қолжетімді жоғары білім туралы айтып берді. Көп балалы отбасылар мен жетім балалар оқуға түсу кезінде қандай жеңілдіктер ала алатынын түсіндірді.
Виталий Голубенко өз сөзінде экологиялық мәселелерді қозғады.
- Мен қала тұрғындарына ортақ мәселелерімізді шешуге көмектескім келеді. Мен металлургпын, ал металлургтер сөздерін жерге тастамайды, - деді қалалық мәслихат депутаттығына кандидат.
Қалалықтармен онлайн-кездесу барысында Павлодар қаласының экологиялық жағдайын жақсарту туралы сұрақ қойылды.
- Мәселе біздің өңір үшін өте өзекті. Мен 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның стратегиясы әзірленді, оның негізгі міндеті электр сүзгілерін кезең-кезеңімен ауыстыру болып табылады. Қарапайым сөзбен айтқанда, бізде түтіндететін төрт құбыр бар, кейде қалаға қарай түтіндетеді. Біздің міндетіміз – осы шығарындыларды барынша азайту, - деді Виталий Голубенко. – Қазір кәсіпорын гибридті электр сүзгілерін сатып алуда. Олардың тазарту деңгейі жүзесе жоғары. Әрине, бір жыл ішінде бұл жұмысты аяқтау мүмкін емес. Бірте-бірте біз сүзгілердің біреуін ауыстырамыз, барлығы – 15 сүзгі. Уақыт өте келе барлық сүзгілерді алмастырамыз және зиянды шығарындыларды бірнеше есе азайтуға қол жеткіземіз. Бұл жұмыс шынымен жүргізілуде және екі сүзгі ауыстырылғандығын атап өткім келеді.
Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда Павлодар үшін экология мәселесі өте өзекті болып табылады. Өз тарапынан «Nur Otan» партиясы жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған түрлі мемлекеттік жобаларды іске асыруға жәрдемдесуге ниетті.
________________________________________________
Кандидаты от партии «NUR OTAN» Виталий Голубенко и Ертаргын Шахман встретились с павлодарцами в ZOOM.
В связи с непростой эпидобстановкой встреча прошла в формате онлайн. Ертаргын Шахман как работник университета рассказал о доступном высшем образовании для молодежи. Объяснил, какие льготы при поступлении могут получить молодые люди из многодетных семей и дети-сироты.
Виталий Голубенко в своем выступлении затронул проблемы экологии.
- Я хочу помочь горожанам в решении наших общих проблем. Я металлург, а металлурги слов на ветер не бросают, - заявил кандидат в депутаты городского маслихата.
Во время онлайн-встречи с горожанами был задан вопрос об улучшении экологической обстановки в городе Павлодар.
- Вопрос очень актуальный для нашего региона. АО «Алюминий Казахстана», где я работаю больше 20 лет, разработана стратегия, основная задачей которой является поэтапная замена электрофильтров. Если сказать по-простому, у нас есть четыре трубы, которые дымят, и иногда - в сторону города. Наша задача – максимально снизить эти выбросы, - сказал Виталий Голубенко. – Сейчас предприятием закупаются гибридные электрофильтры. У них в сотни раз выше степень очистки. Конечно, за один год эту работу не завершить. Постепенно мы будем заменять по одному из фильтров, всего их 15. Со временем заменим все фильтры и добьемся того, что вредные выбросы сократятся во много раз. Уверяю, эта работа реально ведется, два фильтра уже заменили.
Не секрет, что на сегодняшний день вопросы экологии для Павлодара стоят особенно остро. Со своей стороны партия «Nur Otan» намерена содействовать реализации различных госпроектов, направленных на модернизацию дорожной и транспортной инфраструктуры, жилищно-коммунальной сферы и улучшению экологической обстановки.
#nurotan #jenimpazbol #tanday2021
