«Nur Otan» партиясынан кандидаттар павлодарлықтармен ZOOM платформасында кездесті
«Nur Otan» партиясынан кандидаттар Виталий Голубенко және Ертарғын Шахман павлодарлықтармен ZOOM платформасында кездесті.Қиын эпидемиологиялық жағдайға байланысты кездесу онлайн форматта өтті. Ертарғын Шахман университет қызметкері ретінде жастар үшін қолжетімді жоғары білім туралы айтып берді. Көп балалы отбасылар мен жетім балалар оқуға түсу кезінде қандай жеңілдіктер ала алатынын түсіндірді.Виталий Голубенко өз сөзінде экологиялық мәселелерді қозғады.- Мен қала тұрғындарына ортақ мәселелерімізді шешуге көмектескім келеді. Мен металлургпын, ал металлургтер сөздерін жерге тастамайды, - деді қалалық мәслихат депутаттығына кандидат.Қалалықтармен онлайн-кездесу барысында Павлодар қаласының экологиялық жағдайын жақсарту туралы сұрақ қойылды.- Мәселе біздің өңір үшін өте өзекті. Мен 20 жылдан…