Мазмұнға өту

Жаңа

"Есіктен-есікке" акциясы

Штаб басшысы Е.Әбілов «Jas Otan» жастар қанатының еріктілерімен бірге үй-үйді аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндірдіру жұмыстарын жүргізді. «Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтар үлестірді. Сонымен қатар тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады.

«Шығыс 2» шағынауданының тұрғындары да нұротандықтарды жылы лебізбен қабылдап, шағынаудан бойынша бүгінге дейін жасалған жұмыстарға алғысын жеткізді. Аталмыш шағынаудан тұрғыны өзін Серік Жаңбырбаев деп таныстырған мұнайшы азамат партия құрамында 2014 жылдан бастап мүше екенін жеткізіп, үйме-үй кіріп насихат жұмыстарын жүргізіліп жатқанына ризашылығын білдірді. Бұл іс-шара ел халқын партияның елімізді өркендету жолында жоспарлаған жұмыстарымен таныстырып, толық ақпараттандырады.

Штаб басшысы Елубай Жақайұлы да биылғы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жанды форматта ашық диалог негізінде жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті

0
0
176

Қаланың белсенді жастарымен кездесу өтті

«Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар жастармен кездесу өткізді. «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығында өткен кездесуге үміткерлер Ибраким Басықараев, Сакен Алдашбаев, Бауыржан Мастеков жастарға көрсетілетін мүмкіндіктердің орындалуы мен оларға жасалатын жағдайға аса мән беру керекігін сөз етті. Сондай-ақ, халықтың мүддесін түгендеп, қоғамның талап-тілектерін ескерген саяси құжаттың маңызын тілге тиек етті.

Кездесу аясында аудан мен қала тұрғындарынан келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып жасалған сайлауалды бағдарламадағы жастардың әлеуметтік ахуалын жақсарту және дамыту бағытындағы ойларын да ортаға салды.

Кандидаттар өз тараптарынан бағдарламаның мақсат-міндеттерін бірлесіп  іске асыруға шақырса, жастар болса елдің қоғамдық саяси өміріне араласуына, білім алып, еңбек етудегі мүмкіндіктері бойынша пікірлерін жеткізді.

Партияның сайлауалды бағдарламасында 730 орындық 2 жатақхананың құрылысын жүргізу, 10,5 мың жастарды жұмысқа орналастыру арқылы жастардың жұмыссыздық деңгейін 4%-дан 3,9%-ға төмендету, «Жасыл Ел» еңбек жасағын ұйымдастыру арқылы жазғы кезеңге 365 жастарды жұмыспен қамту, жастарға арналған атаулы іс-шараларды өткізу, қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ақпараттық кеңес ұйымдастыру жоспарланған.

0
0
246

Сайлауалды үгіт насихат жұмыстары ауданымызда белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Сайлауалды үгіт насихат жұмыстары ауданымызда белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Осындай  үгіт насихат тобының ауыл кəсіпкерлерімен кездесуінің  бірі бүгін Луговой ауылындағы мəдениет үйінде өтті. Іс шараға аудандық мəслихат депутаттығына үміткелері Бабашева  Шарапат ,Ербол Абуталипов жəне Сұлукүл Дəлібаева қатысып, сайлауалды бағдарламамен таныстырды. Алғашқы сөз кезегін алған аудандық мəслихат депутаттығына үміткер Бабашева Шарапат:" Биылғы сайлау өзінше бір ерекше қарқында өтіп отыр. Бүгінгі кездесу сіздерді сайлауалды бағдарламаның басты тұстарын түсіндіру. Сонымен қатар, кəсіпкерлердің көкейінде жүрген түйткілді мəселерін тыңдап, алдағы кезеңде соның орындалуының оңтайлы жағын қарастыруға ықпал ету. Партия қай кезде де өз бағдарламасын халық игілігі жолында жасап, ұсынады. Осыған орай, алдағы уақытта да біз біріге жұмыс істеп, бірлігімізбен биік асуларды бағындырамыз"- деді. Одан əрі өз ойымен бөліскен аудандық мəслихат депутаттығына кандидат Ербол Абуталипов ауданымызда атқарылып жатқан істерге тоқтала келе, ел сенімі əрқашан жоғары тұратынын алға тартты. Кездесуді кəсіпкер, мəслихат депутаттығына кандидат Сулукуль Дəлібаева ары қарай жалғастырды. Ол кəсіпті ашып жүргізу, ондағы əрбір еңбек адамына жағдай жасау үлкен шаруа. Кəсібіңді дамытып дөңгелету үшін қажырлы да тынымсыз еңбек қажет. Сонау жылдарға қарағанда қазіргі таңда əрине, кəсіпкерлерге қолдау мен көмек көп. Сол қолдауды тек қана тиімді пайдаланып, халық сұранысын арттыруымыз керектігін тілге тиек етті. Іс шара соңында қатысушылар өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті.

0
0
149