Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу өтті

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Анар Ізден, Бейбіткүл Каримова, Гүлнар Жұмашева және Ли Илларионның қатысуымен өткен кездесу үгіт насихат жұмыстарының аясында ұйымдастырылды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филианың ғимаратында өткен кездесуге этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Кездесуге келген әртүрлі ұлт өкілдері ел болашағының баянды болуы жолында өзара татулық пен келісімнің сақталуы маңызды екенін атап өтті.

Кездесу аясында «Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның сәтті дамуының сенімді іргетасы» екендігін жеткізген үміткерлерге кездесуге қатысушылар тарапынан тақырып аясындағы ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ, ырыс-ынтымақтың жарқын үлгісін қалыптастыру арқылы сайлауалды бағдарламаларды тиімді түрде жүзеге асыру кетектігін де айтты. Бағдарлама сәйкес, дінаралық қатынастарды және этносаралық келісім мен бірлікті нығайту үшін этномәдени және діни бірлестіктердің жұмысына қолдау білдіру қолға алынған.

0
0
187

Осы тақырып бойынша

Этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу өтті - Yvision.kz