Ұлу деп жүргеніміз айдаһар ма?
Қазір «2024 ұлу жылы ма, айдаһар жылы ма?» деген сауал төңірегінде шамалы түсінбестік туындап отыр. Бұл жерде ұлу қазақтыкі, айдаһар қытайдыкі деп кесіп айта салуға да болар еді. Бірақ басқа да деректердің ұшы қылтиып тұр.Шымкенттік танымал тарихшы мұғалім Өмір Шыныбекұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында ( https://www.facebook.com/omir.shynybekuly ) қызықты дерек жариялады. Онда кеңес археологы әрі этнографы Борис Куфтиннің (1892-1953 ж.ж.) «Этнографическое обозрение» журналында (1916 ж., №3-4) жарияланған «Календарь и первобытная астрономия киргиз-казацкого народа» атты еңбегі келтірілген.Орыс ғалымы бұл еңбегінің қазақтың 12 жыл атауына түсініктеме беретін тұсында ұлу жылын былай деп жазыпты: «луу – дракон».Жазбаға пікір қалдырғандардың бірі «луу» моңғол тілінен аударғанда «айдаһар» де…


