Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Мәскеудегі Қазақ қоғамының басшысына Ресей әскеріне қатысты ақпарат үшін қылмыстық іс қозғалды

Оны қылмыстық қудалауға әлеуметтік желіде жарияланған қаза тапқан ресейлік әскерилердің саны жайындағы жазбасы себеп. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Тергеу комитеті Мәскеудегі Қазақ диаспорасының басшысы Полат Жамаловқа осы елдің қарулы күштеріне қарсы жалған мәлімет туралы баппен қылмыстық іс қозғады.

Ресторан Тергеу комитеті Мәскеудегі Қазақ диаспорасының басшысы Полат Жамаловқа осы елдің қарулы күштеріне қарсы жалған мәлімет туралы баппен қылмыстық іс қозғады.Ресторан Тергеу комитеті Мәскеудегі Қазақ диаспорасының басшысы Полат Жамаловқа осы елдің қарулы күштеріне қарсы жалған мәлімет туралы баппен қылмыстық іс қозғады.

«Мәскеудегі Қазақ қоғамының басшысы, 1944 жылы туған Полат Жамаловқа қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 207.3-бабының 1-бөлігі (РФ Қарулы күштерін пайдалану туралы қасақана жалған ақпаратты жария ету) бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген ТАСС ақпаратында.

Ал «Верстка» басылымының жазуынша, бұл туралы Тергеу комитетінің жабық есебіне арналған ақпараттық анықтамада айтылыпты. Онда Жамаловқа қатысты қылмыстық істі 2023 жылдың 11 қыркүйегінде Мәскеу қаласының солтүстік-шығыс әкімшілік округінің аса маңызды істерді тергеу бөлімінің тергеушісі қозғағаны көрсетілген.

Қылмыстық істің қозғалуына Полат Жамаловтың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасындағы хабарлама себеп болды, онда автор Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі басшылығының РФ Қарулы күштерінің арнайы әскери операциясы кезінде қаза тапқандар санын бағалауына қысқаша түсініктеме берген.

Полат Жамалов Мәскеудегі қазақ диаспорасының беделді ақсақалдарының бірі ретінде танымал. Ол отыз жылдан астам уақыт бойы Ресейдегі қазақ мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін сақтау мен дамытуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметпен айналысып келеді. Өткен жылдары Мәскеу қазақ өлкелік ұлттық-мәдени автономиясында, Мәскеу қазақ диаспорасы қорында және Мәскеу ұлттар үйінде басшылық қызметтерді атқарған. Қазіргі уақытта Қазақтың этникалық мәдениетін сақтау және дамыту коммерциялық емес ұйымдар одағының тең төрағасы.

РФ Қылмыстық кодексінің 207.3 бабының 1 бөлігі бойынша ең аз дегенде жеті жүз мың рубль мөлшерінде айыппұл төлеу, ең көбі бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

0
0
243

Осы тақырып бойынша