Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Отпен ойнағандардың ойыны осылды

Жылда осы. Адамдардың аузы күймейді екен. Олар отшашуды дұрыс пайдаланбай, оқыс жағдайға тап болып жатады.

Әлеуметтік желіде оғаш отшашудың видеосы (https://www.instagram.com/p/C1j2CpnKD9o/ ) тарады. Оқиға Астанадағы саябақта болған. Бейнекадрден фейерверктердің сәтсіз жағдайда жарылып жатқаны байқалады.

Елорданың полиция департаментіндегілер бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді. Олардың айтуынша, тәртіп бұзушының кім екені анықталған.

«Полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша тексеру жүргізіп, пиротехникалық заттарды арнайы белгіленбеген жерде қолданған адамның кім екенін анықтады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 436-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды», – делінген Астана қаласы ПД хабарламасында.

Іс сотқа жіберілген.

0
0
351

Осы тақырып бойынша