Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Бүгін кей өңірлердегі мектептерде сабақ қалай өтетіні айтылды

Бүгін жұмыс пен мектептегі оқудың кезекті аптасы басталды. Ал елімізде ауа райы суый түсуде. Осыған байланысты кей өңірлердегі мектептер қашықтан оқытуға көшкен.

Фото: egemen.kz

Астанада 15 қаңтарда 0-9 сыныптардың бірінші ауысымдағы оқушылары қашықтан оқиды.

Көкшетауда бүгін 1-ден 9-сыныпқа дейінгілердің сабағы онлайн форматқа көшірілген. Мұнда да бұл бірінші ауысымға қатысты. Көкшетауда -25 градусқа дейін аяз болып тұр. Желдің жылдамдығы секундына 28 метр.

Ақтөбе облысында 15 қаңтарда 1-9 сыныптардың бірінші ауысымдағы оқушылары Ақтөбенің өзі мен көптеген өңірлерде қашықтан оқиды. Ол өңірлер - Әйтекеби, Алға, Темір, Қобда, Қарғалы, Байғанин және Хромтау аудандары.

Өскеменде де бүгін 0-9 сыныптардың бірінші ауысымдағы оқушылары онлайн оқиды.

Ал Қарағандыда мұндай оқу форматына бірінші ауысымдағы 0-4 сыныптар көшірілген.

0
0
158

Осы тақырып бойынша