Жаңа жеңістерге бірге жетеміз!
Елге қызмет ету және қоғамға пайдалы болу. Бұл «Nur Otan» партиясы атынан Атбасар аудандық мәслихатына депутаттыққа үміткер Самат Жамбылұлы Базарбаевтың ұстанымы. Самат Жамбылұлының мамандығы заңгер. Мемлекеттік қызметте 20 жыл бойы еңбек етті. Сондықтан да қарапайым халықты қандай мәселелер мазалайтынын жақсы біледі. Әсіресе, ол жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруда, тұрмыс-тіршілігінің жақсы болуына атсалысатынын айтуда және ол үшін қандай іс-әрекет жасау керектігін де біледі. Сол үшін де партия атынан іске кірісіп, жеңіске жетемін деп белсеніп отыр. Жуырда ғана Атбасар қаласының тұрғындарымен бірнеше рет кездесіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. С.Базарбаев бірліктің арқасында әлі талай белестерді бағындыратынын алға тартты.– Жергілікті биліктің басты бағыты – адам және…
