Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Денсаулық-зор байлық»

Қайырлы күн, құрметті аудитория! Бүгін Алматы қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлердің партияның сайлауалды бағдарламасын талқылау және түсіндіру бойынша «Гиппократ №2» БПҰ-мен онлайн кездесуі өтті. Онлайн коммуникация процесінде Денсаулық сақтау және жалпы пандемия міндеттері бүгінгі күні өзекті мәселе ретінде қозғалды.

COVID-19 пандемиясына қарсы тұру және жаңа толқынға дайындық үшін денсаулық сақтау жүйесінің жұмысы күшейтілді: • Коронавируспен күресу үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек функциясы бейімделген. • Қаланың барлық реанимацияларын бақылау үшін жедел әрекет ету реанимациялық тобы құрылды. • Айына 750-ден астам пациентті емдеуге арналған 300 орындық инфекциялық аурухана үшін заманауи тез құрылатын кешеннің құрылысы аяқталды • Инфекциялық стационарларды қажетті жабдықтармен 100% жарақтандыру және т. б. іске асырылды. Күн сайын азаматтарымыздың денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күшейтілген жұмыс жүргізілуде.

Маска киіп, антисептикті қолданыңыз! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

0
0
124

Осы тақырып бойынша

«Денсаулық-зор байлық» - Yvision.kz