Мазмұнға өту

Жаңа

Аудан тұрғындарымен кездесті

Аудан тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сай және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарға ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы тағайындалып, ағымдағы жылдың 10 желтоқсанынан бастап ел аумағында сайлауалды үгіт жұмыстары басталған болатын.

Осыған орай Жәнібек ауданына «Nur Otan» партиясының партиялық тізімдері бойынша Батыс Қазақстан облысынан ҚР Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Мәлік Құлшар, Жаңабек Жақсығалиев, Сәбира Сүндетова және БҚО Жәнібек ауданы бойынша өкілі Самиғолла Оразов келіп, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы кандидаттарды қолдау жөніндегі штабтың мүшелері және аудан тұрғындарымен кездесті.

Жиынды «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев жүргізіп отырды.

ҚР Мәжілісі депутаттығына кандидаттың әрқайсысы әр салаға тоқталып, «Nur Otan» партиясының Жәнібек ауданына қатысты алдағы бес жылдығына арналған жоспарды таныстырып, «Nur Otan» партиясына қолдау көрсетіп дауыстарын аталған кандидаттарға беруге шақырды.

Басқосуды өзінің жылы лебізімен Самиғолла Хамзаұлы кездесуді қорытындылады.

@nur_otan @baibekbk

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan

0
0
208

«Үміткерге сұрақ» тікелей эфирі өткізілді

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні фейсбук әлеуметтік желінің парақшасында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер – Ермекқалиев Алтынбек Серікқалиұлының қатысуымен «Үміткерге сұрақ» тікелей эфирі өткізілді.

Аталмыш тікелей эфирге 20-ға жуық желі пайдаланушылары қатысты.

Онлайн сұқбат - ашық, әрі еркін форматта жүргізіліп, көрермендерден көптеген сұрақтар келіп түсті. Солардың ішінде, қосымша білім беру ұйымдары мен жастар арасындағы жұмыссыздық мәселері және азаматтық белсенділікті жастар бойына сіңіру жолындағы шаралар жөнінде сұрақтар мен ұсыныстар жеткізілді.

Үміткер тікелей эфир көрермендеріне партияның атқарған және атқарып келе жатқан жұмыстары туралы баяндап, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауға қатысып, партияға дауыс беруге шақырды.

@nur_otan @baibekbk

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan

0
0
148

Лайықты болашақ – «Nur Otan» партиясымен бірге!

Жақсы өзгерістердің уақыты келеді. Оларды жүзеге асыруда ерекше орын алатын партия – ол «Nur Otan». Бұл туралы «Nur Otan» партиясынан Ақмола облыстық және Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттығына үміткерлер «Орталық базар» сатушылары мен келушілері арасында болған кездесуде айтты.

Үміткерлер жиналғандарды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, аймақтың даму перспективалары туралы айтып, 10 қаңтарда өтетін сайлауға келу арқылы азаматтық ұстанымдарын көрсетуге шақырды.

Ақмола тұрғындарымен кездесуді «Той Дастархан» ЖШС-нің директоры Елена Мащинская ашып, ол пандемияның қиын кезеңіне қарамастан, елде болып жатқан оң өзгерістерді атап өтті.

«Бізде Сіздермен бірге жасалатын әлі көп дүние бар. Біз осы қиын кезеңді бастан өткердік, бірақ өмір бір орында тұрмайды. Біз ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін еңбек етуге тиіспіз» – деп айтты спикер.

Спикердің айтуынша, біздің уақытымыз қоғамдағы ең проблемалы сәттерді ой елегінен өткізуге және назар аударуға мүмкіндік берді. Бұл арада бәрі жақсы жағына өзгеруде. Көкшетауда көптеген нысан салынды. Оның ішінде «Болашақ сарайы», жағалаулар, жолдар, ауруханалар, мектептер, тұрғын үйлер, тағы басқалары қаламыздың көркіне айналуда. Көп балалы аналарға да үлкен көңіл бөлінуде.

Спикер атап өткендей, ең қиын кезеңде адамдарға мемлекет пен «Nur Otan» партиясы қолдау көрсетті. Атап айтқанда, көмекке мұқтаж көпбалалы отбасыларға партия мүшелерінен 50 мың теңге және мерекелік пакеттер табыс етілді.

«Бұдан да жақсы өмір сүрудің уақыты әлі алда. Мемлекет жоспарлаған міндеттерді «Nur Otan» партиясы әрдайым бақылауға алады. Бүгінде халық игілігі үшін істеп жатқан «Nur Otan» партиясының жұмысын бірде-бір партия істеп жатқан жоқ», – деп түйіндеді Е.Мащинская.

Спикердің сөзіне басқа депутаттыққа кандидаттар да қосылды. Сонымен, «Гормолзавод» ЖШС-нің директоры Әсен Жақсылықов аймақтық бизнестің жұмысы мен кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мәселесіне тоқталды.

Кездесуден кейін жатақханада баласымен тұратын мүгедек жан әрі көпбалалы ана оған өз сұрақтарымен жүгінді. Болашақ халық қалаулысы өтініш білдіргендердің мәліметтерін жазып алып, олардың мәселелерін түсінуге және көмектесуге уәде берді.

Ақмола облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының төрайымы Мәриям Әбішева кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы айтты. Мәселен, биыл «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқудан кейін ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 555 мың теңгенің 108 гранты бекітілген.

Партия мүшелері жиналғандарға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таратып, 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысу арқылы тағы да ақмолалықтарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.

«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық сайлау қорынан төленді

https://azattyq-ruhy.kz/politics/17373-laiykty-bolashak-nur-otan-partiiasymen-birge

0
0
144

"Есіктен есікке" акциясы

Мәжіліс  депутаттығына   үміткер Асан С.Ю. сенімді өкілімен Қарағайлы кентінде  "Есіктен есікке" акциясын өткізді. Акция барысында  олар кент   тұрғындарын "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі  ережелерімен таныстырып,  дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды, әрбір  дауыс біз үшін маңызды! #NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
184

"Nur Otan" партиясының сенімді өкілінің кездесуі өтті.

"Nur Otan" партиясының сенімді өкілі З.К. Сатекова Ақтоғай ауылы тұрғындары Қасымов Серікбай мен оның жары Сауырбаева Мариям Мақамбайқызы  үйінде болып, әңгімелесті.  Бақыт деген бес әріп-адам баласына тілеген бар жақсылық атаулы осы бір сөзге сыйғандай, бата –тілектің алтын сандығы. Саналы ғұмырында ақ бата мен алғысқа бөленген, халық құрметтеген жандардың бірі. Қасым ақсақалдың атын атандырып, қара шаңырақтың түтінін түтетіп отырға Серікбай 1948 жылы Аманкелді ауылдық кеңесінің (Қазіргі Шабанбай би ауылдық округі) Ақтұмсық ұжымшарында дүниеге келген. Табиғатынан тынымсыз,тиянақты, сыныққа сылтау іздеуді білмеген, ашығын айтатын айтатын мәрт мінезді Серікбайдың өмірдегі бірегей бетбұрысы өзі туып өскен қазіргі Шабанбай би ауылынан бастау алып, еңбек жолын 1966 жылы Қаратал кеншарында механизатор болып бастаған. Күнге күйіп, шағырмақ суықта шыңдалған ауыл баласы бірер жылда-ақ жарқырап көзге түсті. 1971 жылы Долинка кентіндегі кеңшар-техникумын бітірген соң өз ауылында мастер-баптаушы, механник, МТМ меңгерушісі болып жалғастырған. 1977-1982 жылдар аралығында Қаратал кеңшарында бас инженер-механник, 1982-1987 жылдары Еңбек кеншарында бас инженер-механик.1987 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, жоғарғы білім алған. 1987 жылы Қызыларай кеншарында партия комитетінің хатшысы,1988-1992 жылдар аралығында сол кеншардың директоры лауазымында қызмет атқарған. 1993-97 жылдар аралығында Еңбек ұжымдық кәсіп орнының төрағасы, 1992-2004 жылдары Қараменде би ауылдық округінің әкімі. 2004-2006 жылдар аралығында аудан әкімі аппараттың Төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман, 2006-2010 жылға дейін Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарып зейнеткерлікке шыққан.Аудандық партия комитетінің пленум мүшесі, ауылдық кеңестердің бірнеше дүркін депутаты болып сайланған. Облыстық, аудандық партия комитеттерінің құрмет грамотасымен, алғыс хаттарымен марапатталған. «Еңбек үздігі» төсбелгісінің иегері.

Сұхбат кезінде Серікбай ақсақал ауыл, аудан көлемінде ел игілігі үшін жасалған оң өзгерістерді көріп отырғанын айтып, әсіресе жолдардың жөнделуі, ауыл аралық қатынастың жақсаруына ерекеше қуанатынын жеткізді және де «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасы қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетуді көздеген бағдарлама екенін айтып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. #NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

ПОСТ С ФБ

0
0
182

Жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» партиясынан Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ирина Жукова мен Марат Атабаев, Шортанды аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ахмедия Қожамсейітов, Гүлнұр Сәдуақасова, Әділ Кауметов, Іңкәрім Қабылхан  Пригородное, Андреевка, Андреевка ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, үгіт-нәсихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған міндеттер мен мақсаттар бойынша жан-жақты түсініктеме  берді. Партия мүшелері партияның жетістіктері мен атқарылған істері жөнінде баяндады.

Бағдарламада белгіленген дамудың жеті басымдығы талқыланып, оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасау басты мәселе екенін айтқан болашақ халық қалаулылары ауыл тұрғындарын алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Жукова әлемді жайлаған пандемия кезеңінде де нұротандықтар халықты қолдап, көмек көрсеткенін айтты.

– Партияның бағдарламалық ұстанымының дұрыстығын уақыт көрсетіп берді және ол нақты істермен дәлелденді,- деді ол.

Кандидат Гүлнұр Сәдуақасова өз сөзінде 2025 жылға қарай қабылданған шаралар жолдардың сапасын арттыруға және жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 58,2 пайыздан 80,5 пайызға дейін жеткізуге, 10 елді мекеннің 8 мыңнан астам тұрғынын сапалы жолмен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға қарай аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толық шешуді жоспарлағаны туралы кандидат Марат Атабаев айтып, оның ішінде 3 ауыл – Ключи, Кмышенка және Новографское ауылдарының сумен қамтылатынын алға тартты.

– Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемдегі білім беру саласына қомақты әсерін тигізді. Қазіргі таңда білім беру мекемелері, оқушылар мен педагогтар қашықтықтан оқыту үдерісіне бейімделген. ҚР Үкіметінің резервінен қашықтықтан оқытуды жетілдіруді ұйымдастыру мақсатымен ағымдағы жылдың қазан, қараша айларында 1119 бірлік компьютерлік техника, 938 ноутбук, 103 планшет бөлінді, – деп атап өтті аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Әділ Кауметов.

Сонымен қатар кездесуде кандидаттар тұрғындарды толғандырған сауалдарды тыңдап, оларға нақты жауаптарын берді. Өз кезегінде тұрғындар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген басымдықтарды қолдайтындарын айтты.

Болашақ халық қалаулылары ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын таратып, 2021 жылдың 10 қаңтарындағы сайлауға қатысып, белсенді азаматтық көзқарас танытуға шақырды. Қиындықты бірлесе еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Шортанды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

https://koksheinform.kz/?p=3108&lang=kk

0
0
163

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан - ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып, жарқын жасампаздық пен үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан күн. Сондықтан бұл мереке қасиетті де қастерлі.#NurOtan #ТәуелсіздікҚР

0
0
256

"Есіктен есікке" акциясы өткізілді.

Бүгін Т. Рысқұлов ауданында " Есіктен есікке" акциясы өткізілді. Агитациялық жұмыс онлайн форматта өтті. Оған аудандық мəслихат депутаттығына кандидат М.Мейманханов қатысты.Кандидат сайлауалды бағдарламаның нақты жақтары түсіндіріліп, сайлаушыларға whatsapp желісі арқылы таратылды.Бүгін Т. Рысқұлов ауданында " Есіктен есікке" акциясы өткізілді. Агитациялық жұмыс онлайн форматта өтті. Оған аудандық мəслихат депутаттығына кандидат Мұратжан Мейманханов қатысты.Кандидат сайлауалды бағдарламаның нақты жақтары түсіндіріліп, сайлаушыларға whatsapp желісі арқылы таратылды.

0
0
129

​«Nur Otan» партиясының сайлауалды науқан жұмыстары жалғасын табуда

Бүгін саулауалды үгіт насихат жұмыстарын Сетаев Иззат Жаңбырбайұлы жалғастырды. Иззат Жаңбырбайұлы – партия мүшесі, Ұлттық сараптама орталығының басшысы, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер. Иззат Жаңбырбайұлы – жас басшы , нақты мақсат – міндеттері айқындалған, тұрғындардың әл – ауқатын көтеруге, елі үшін қызмет қылуға аяңбай еңбек етуде. Тұрғындармен кездесу барысында Иззат Жаңбырбайұлы әр азаматтың көкейтесті сұрақтарын тыңдап, жіті назарға алынатындығын атап өтті. Өйткені «Nur Otan» партиясы – әрқашан халықпен бірге.

Иззат Жаңбырбайұлы сауалды бағдарламаның алты басымдылығымен таныстырып өтті. Медицина саласының басы қасында жүрген Иззат Жаңбырбайұлы денсаулық сақтау саласындағы маман тапшылығының өзекті мәселелердің бірі екендігін атады. Бұл мәселенің шешімі жас мамандарға жағдай жасау керек деп тұрғындар назарына жеткізді. Осы тұрғыда «Nur Otan» партиясы жас мамандарды жұмыспен қамтып, баспаналы болуға көмек беруде.

Жастар – ел болашағы! «Nur Otan» партиясын қолдау арқылы жалынды жастарымызға, елімізің дамуы үшін еңбек етуге мүмкіндік жасайсыздар! Сіздің «Nur Otan» партиясына берген даусыңыз – еліміздің одан ары жаңғыртудың бастамасы болып табылады.

«Nur Otan» партиясының Ерейментау ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

https://716.kz/news/6364-nur-otan-partijasyny-sailaualdy-nau-an-zh-mystary-zhal-asyn-tabuda.html

0
0
165