Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.
2020 жылы 15 желтоқсанда ZOOM платформасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Саран қаласының әкімі, партияның қалалық филиалының төрағасы Темирханов Ержан Оралұлы іс-шараға қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген жастарға «Қыран» сыйлығы табыс етілетінін айтып, жеңімпаздардың есімдерімен таныстырды.
Қала әкімінің сыйлығы «Жылдың жас маманы», «Жылдың жас спортшысы», «Отан қорғаушысы», «Мемлекеттік тіл - болашағым», «Жылдың жас таланты», «Жылдың жас жұмысшысы», «Жылдың жас кәсіпкері», «Жылдың жас волонтері», «Жылдың жас медициналық қызметкері» номинациялары бойынша табысталды. Әр номинацияны өз иесіне қаладағы жастар ресурстық орталығының директоры Рахымжанов Әлібек Рысбайұлы тапсырды.
Іс-шараның лауреаттары мен қонақтарына арналған халық аспаптарының әуендері, хореографиялық этюдтер салтанатты рәсімге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021



