Қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар аға ұрпақ өкілдерімен кездесу өткізді.
2020 жылы 15 желтоқсанда қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Тәжібаева Нұргүл Сабитқызы, Баймағанбетов Өміржан Зейнешұлы, Исенов Шәріп Машрабұлы, Шаяхметов Қайрат Үлгіліұлы Саран қаласының Ардагерлер кеңесінде аға ұрпақ өкілдерімен кездесу өткізді. Кандидаттар іс-шараға қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен және қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен таныстырды.
Өз сөзінде олар «Nur Otan» партиясы азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуды, әркімнің таза суға, ауаға және сапалы жолдарға қол жеткізуін қолдайды.
Бұл бағытта «Құтты мекен» жобасын іске асыру жалғасады.
2025 жылға қарай қаланың инфрақұрылымын жаңарту Саран қаласының тұрғындары үшін өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Нәтижесінде қала тұрғындары таза су мен сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізе алады»,- деп атап өтті.
Кездесу соңында ардагерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ, оларды аға буын өкілі ретінде азаматтық белсенділік танытып, 2021 жылдың 10 қаңтарында мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

