Мазмұнға өту

Жаңа

Жаңа жеңістерге бірге жетеміз!

Елге қызмет ету және қоғамға пайдалы болу. Бұл «Nur Otan» партиясы атынан Атбасар аудандық мәслихатына депутаттыққа үміткер Самат Жамбылұлы Базарбаевтың ұстанымы. Самат Жамбылұлының мамандығы заңгер. Мемлекеттік қызметте 20 жыл бойы еңбек етті. Сондықтан да қарапайым халықты қандай мәселелер мазалайтынын жақсы біледі. Әсіресе, ол жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруда, тұрмыс-тіршілігінің жақсы болуына атсалысатынын айтуда және ол үшін қандай іс-әрекет жасау керектігін де біледі. Сол үшін де партия атынан іске кірісіп, жеңіске жетемін деп белсеніп отыр. Жуырда ғана Атбасар қаласының тұрғындарымен бірнеше рет кездесіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. С.Базарбаев бірліктің арқасында әлі талай белестерді бағындыратынын алға тартты.

– Жергілікті биліктің басты бағыты – адам және оның әл-ауқаты, отбасы, балалары, оның құқықтары мен еркіндігінің сақталуы. Осының барлығын іске асыру үшін бізде мүмкіндік жеткілікті. Демек, осы бағытта әрекет ете отырып, мен алға қойған мақсатыма жете аламын деген сөз. Атап айтқанда, Атбасар ауданында халықтың бұдан да жайлы өмір сүруіне, отбасын құруына, дүниеге бала әкелуіне және жұмыс істеуіне жағдай жасаймыз. Алдағы уақытта әр отбасының өмірін жақсартуға барымды саламын. Мен өзім заңгер болғандықтан және мемлекеттік қызметте талай жыл жұмыс істегендіктен, ойлана келе, бар күш-жігерімді, білімімді аудан халқының өмір сапасының жақсаруына жұмсайтын боламын. Оны қалай шешу керектігін де жақсы білемін, – дейді Самат Жамбылұлы.

Үміткер халық алдында өзінің бағдарламасының басты міндеттерімен де таныстырып өтті. Атап айтқанда:

  • ауданның әрбір тұрғынының өмір сапасы жақсы болуы тиіс;
  • халықтың денсаулығының жақсы болуы үшін қоршаған ортаның тазалығы маңызды екені рас. Осы бағытта денсаулық, экология және тазалық стандарттарына қол жеткізу;
  • тұрмысы төмен отбасыларына, қарттарға, зейнеткерлерге және көпбалалы отбасыларына қолдау көрсету;
  • жастарды жұмыспен және тұрғын үймен қамту;
  • азаматтардың өтініштерін сапалы түрде қарап, мемлекеттік қызметті сапалы көрсету;
  • өнеркәсіп орындарында жаңа технологияларды қолдану, олардың материалдық-техникалық базасын модернизациялау;
  • инвестициялық ахуалды жақсарту, әділ салық жүйесін жасау, шағын және кіші кәсіпкерлікті қолдау.

Үгіт-насихат барысында атбасарлықтардың басым бөлігін шағын және орта бизнесті несиелендіру және Атбасар қаласында қоғамдық көлік санын арттыру мәселелері толғандыратыны мәлім болды. Оларға осы бағытта тұшымды жауап беріліп, үгіт-насихат материалдары таратылды.

Сөзден іске көшетін уақыт келді! Осылай дей келе, Самат Жамбылұлы аудан халқымен кезскен кезде 2021 жылғы 10 қаңтарда сайлауда дауыс беру арқылы белсенді азаматтық ұстанымға шақырды. Сондай-ақ, ол «Nur Otan» партиясы қойған барлық міндеттер орындалатындығын айта келе, «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды. Тек бірге болғанда ғана, қиындықты еңсере алатынымзды тағы бір еске салды.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Атбасар ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

https://koksheinform.kz/?p=3070&lang=kk

0
0
170

Бізді ортақ мақсат біріктіреді

Бүгінгі күні  азаматтар "Nur Otan" партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.Сол бағытта 10 қаңтарда  өткізілгелі отырған мәслихат сайлауы Аршалы ауданының азаматтары үшін не береді? Деген сұрақ  көпшіліктің көкейінде сұрақ күйінде жүргені жасырын емес.

Алдымен осы сұрақ төңірегінде сәл  ой тарқатып көрейік. Аудан көлемінде осы күнге дейін жасалған жұмыстарды есепке алғанда және "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын ескере отырып, алдағы уақытта  үлкен өзгерістерге толы,экономикалық жағынан тұрақты, қауіпсіз ауданға айналатынына сенімім мол. Оған кепіл - "Nur Otan" партиясының Аршалы ауданы филиалының сайлауалды бағдарламасы. "Nur Otan" партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. Халықтың әл-ауқатының негізін азаматтарды жұмыспен, тұрақты табыспен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты 2 мыңнан астам жұмыс орнын құру (жыл сайын орта есеппен 400-ге жуық орын) және орташа жалақыны 112 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін арттыру және жалпы жұмыссыздық деңгейін 4,6% - ға дейін төмендету бойынша міндет қойылды.

Ауданда мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында және өнімді қайта өңдеуде жаңа прогрессивті технологияларды енгізу есебінен жоғары технологиялық агроөнеркәсіп кешенін құру бойынша жұмыс жалғастырылады. Сондай-ақ, Аршалы ауданы туризм саласын дамытуда үлкен әлеуетке ие. Бүгінгі күні ауданда 4 демалыс аймағы және 3 мейрамхана-қонақ үй кешені бар. Қысқы, ойын-сауық және спорттық туризмді, сондай-ақ демалыс күнінің турларын дамыту жоспарлануда.

Жол-әр аудан өмірінің басты күретамыры. Ауданның барлық ауылдарында сапалы жолдар мен азаматтар үшін жақсы инфрақұрылым болуы тиіс.

"Nur Otan" партиясы кентішілік және аудандық автомобиль жолдарын жөндеу мәселелерін шешетін болады. Біздің міндет – 2025 жылға қарай жергілікті жолдардың 50% - ын сапалы жөндеу. Білім сапасын жақсартудың  барлық деңгейлерінде сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету ауданды одан әрі дамыту үшін маңызды шарт болып табылады. Бүгінгі күні ауданда 14 мектепке дейінгі мекеме, 28 мектеп, 1 колледж, ЕЦ 166/5 жанындағы 1 кешкі мектеп жұмыс істейді. Партия алдағы бес жылға арналған өз жұмысында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты жаппай спортпен айналысуға тартуға бағытталатын болады. Осы сайлауға  ауыз жыртар құрғақ ұранды  сөз емес нақты құжат - "Nur Otan" партиясының Аршалы ауданы филиалының сайлауалды бағдарламасын негізге ала отырып, нақты қадамдар жасауымыз керек. Оның ішінде болашаққа аудан көлемінде жоспарланған іс-шаралардың бір парасына ғана тоқталдым.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Аршалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

https://kazlenta.kz/kz/main/1053-bzd-orta-masat-brktred.html

0
0
182

Ауданда үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Целиногад ауданында Р.Қошқарбаев, Жарлыкөл ауылдық округінде кандидаттар Ғалым Қойлыбаев, Азамат Канапиянов, Мақсат Рапишев, Берік Рымқұлов, Болатбек Ибраев, Жасұлан Ислямов, Айдын Туребаев, т.б. үгіт-насихат жұмысы бойынша тұрғындармен кездесу өткізді. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен толық таныстырды. Кездесу барысында ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, талап-тілектерін ескеріп, сайлауалды бағдарламада оңды шешім табатын бағыттарын түсіндірді.

Кандидаттар «Nur Otan» партиясы Целиноград ауданын дамытудың осы 7 басым бағытына кеңінен тоқталып өтті. Атап айтқанда экономикалық тұрақты аудан бағытында ауданда игі жұмыстар атқарылатынын атап өтті. Халықтың әл-ауқатының негізін азаматтарды жұмыспен, тұрақты табыспен қамтамасыз ету мақсатында  жаңа жұмыс орындары ашылады. Қосшы, Қабанбай батыр, Р.Қошқарбаев, Оразақ, Талапкер ауылдық округтерінің аумағында көкөніс және жем-шөп дақылдары өнімін алу үшін 5 мың га суармалы жер алаңын кезең-кезеңімен кеңейтуді қолға алады. 2025 жылға дейін 7 ауылдық округте (Қоянды, Жаңаесіл, Мәншүк, Софиевка, Приречное, Қабанбай батыр, Арайлы ауылдары) 35 мал шаруашылығы базасы салынады.  5 жыл ішінде 3 ауылдық округте (Арайлы-«Wessar» ЖШС, Қабанбай батыр – «Грин Стар» ЖШС, Талапкер – «Табыс»ӨК ) 3 астық қоймасы мен көкөніс қоймасы салынып, қайта жаңғыртылатын  болады.

Партияның Сайлауалды бағдарламасындағы өңірді дамытуға бағытталған басымдылықтармен келелі міндеттермен етене танысқан тұрғындар жасалғалы отырған зор мүмкіндік екенін өз тараптарынан кездесу барысында ескеріп өтті. Кандидаттар ауданның саяси-экономикалық даму бағытындағы сайлауалды бағдарламада көрсетілген бағыттарының бірі туризмді дамыту бойынша талқылап өтті. Целиноград ауданының тарихы терең, мәдени-танымдық және этнотуризм бағытында туристік әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2021-2025 жылдар аралығында ықпал етеді: демалыс күнінің 5 турларын әзірлеу. Қоянды ауылдық округіндегі «Золотая фазенда» демалыс базасын кеңейту (500 орындық мейрамханасы бар 110 бөлмелік қонақ үй кешенінің құрылысы). Қоянды ауылдық округінде «Wish Stone» ЖШС демалыс аймағы мен қонақ үйінің құрылысы (2021-2022 ж.).

Кездесу барысында тұрғындарға аудандағы атқарылар жұмыстармен қатар көкейлерінде жүрген сұрақтары да назардан тыс қалмады. «Өмір сүруге жайлы аудан» бағыты бойынша кандидаттар  ауылдық жерлерді таза ауыз сумен қамту мәселелерін шешу үшін «Nur Otan» партиясы келесі міндеттерді жүзеге асыратындығын жеткізді. 26 ауылда таза ауыз су мен жабдықтау объектілері салынады.  Ағымдағы 2020 жыл – 8 ауыл: (Қосшы, Ақмол, Қабанбай батыр, «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша), Тайтөбе, Қаражар, Қажымұқан, Жаңа жол, Ынтымақ, Шұбар, Төңкеріс Талапкер ауылдары. 2021 жылы – Нұресіл, Раздольное, Жайнақ, Қабанбай батыр, Жаңа жол, Арайлы, Талапкер ауылдары. 2022 жылы – Өтеміс, Қосшы, Қызылсуат, Опан, Мәншүк, Софиевка ауылдарында жүзеге асырылады.

Кездесу соңында тұрғындар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген басымдылықтарды қолдайтындығын  жеткізді. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының ең басты мақсаты да халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау болып табылады. Кездесу соңында Кандидаттар ауыл халқына партияның басты мақсатын түсіндіре отырып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге, бірлікке шақырды. Сондықтан халықтың үніне құлақ асатын, нақты істер партиясын қолдайық!

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Целиноград ауданының Сайлау қорының қаражатынан  төленді.

http://koksheinform.kz/?p=3067&lang=kk

0
0
279

Кандидаттар ZOOM платформасында білім саласының өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.

2020 жылы 15 желтоқсанда қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Мамирова Меруерт Мағрұпқызы, Шаяхметов Қайрат Үлгіліұлы, Чагин Антон Олегович ZOOM платформасында Саран қаласы білім саласының өкілдерімен онлайн-кездесу өткізіп, іс-шараға қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен және қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен таныстырды.

Сөзінде олар «Сапалы, заманауи білімнің барлық деңгейіне қолжетімділікті қамтамасыз ету - қаламыздың одан әрі дамуы үшін маңызды жағдай.

COVID-19 пандемиясы білімге деген көзқарасты өзгертті. Короновирустың таралуымен күресуге күш салу үшін 2020 жылы 5,2 мың мектеп оқушысы мен 1,6 мың ТжКБ жүйесінің студенттері қашықтан оқудың жаңа форматына көшті.

Білім беруге қолайлы жағдай жасау, материалдық-техникалық базаны нығайту және білім беру сапасын арттыру қажет»,- деп атап өтті..

Кездесу соңында білім қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ, оларды азаматтық белсенділік танытып, 2021 жылдың 10 қаңтарында мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
187

Nur Otan сайлауалды штабы Шымкентке келді.

Nur Otan сайлауалды штабы Шымкентке келді

«Nur Otan»-ның аймақтарға сапары жалғасуда. Бүгін билеуші партияның Республикалық сайлауалды штабы Шымкентке келді. Шаһардағы медициналық және әлеуметтік қызметтер сапасын көтеру, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салу, оның ішінде жаңадан қосылған аудандарда құрылыс жүргізу мәселелерін талқылау үшін қала тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізді.

«Nur Otan» партиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы 5 жылда Шымкент қаласында сайлауалды бағдарлама аясында 42 мектеп пен 22 медициналық мекеменің құрылысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қала шетіндегі 620 мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен, табиғи газбен және электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Әсіресе, әлеуметтік мұқтаж азаматтарға арналған 3 млн. шаршы метр тұрғын үй салуға баса мән беріледі. Ол үшін 3,5 мың пәтер салынады.

Сапар барысында сайлауалды штаб мүшелері қаладағы бірқатар кәсіпорындарды аралады. Олардың қатарында «AZALA Textile» мақта-мата комбинатына да барды.

Жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек қауіпсіздігі жағдайын жақсарту, өндірістік жарақат алуды азайту және жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілігін күшейту және тағы басқа мәселелер қарастырылды. Жалпы, «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасы аясында Шымкентте 80 мың жұмыс орнын құра отырып, 23 жаңа кәсіпорын ашу жоспалануда.

Шымкент сапары барысында нұротандықтар «Jas Otan»-ның белсенді жастарымен де жүздесіп, оларға үгіт-насихат науқанына аянбай атсалысып жатқандары үшін алғыс білдірді.

Сол күні «Nur Otan» өкілдері Қаратау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында қала тұрғындарымен ашық әңгімелесті.

Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбектің айтуынша, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимыл жасау үшін 5 жыл ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті 100% цифрлық форматқа көшіру жоспарланып отыр. Сонымен бірге халыққа қолайлы болу үшін мемлекеттік органдардың барлық ақпараты бірыңғай жүйеге интеграцияланады.

«Халықпен бірлесе отырып қана біз жемқорлықты жоя аламыз! «Nur Otan» саяси қызметшілердің, соттардың, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, пара берушілер мен пара алушылардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатаңдатуды көздеп отыр. Сыбайлас жемқорлыққа шатылған жандардың квази және мемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салынуын қамтамасыз етеміз. Бұл ретте жемқорлардан тәркіленген барлық мүлік азаматтарымыздың әлеуметтік қажеттіліктеріне бағытталады. «Nur Otan»-ға, яғни нақты істер мен мақсаты айқын партияға дауыс беріңіздер!», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

0
0
172

Жылқыбаев Досбол Мәлікомарұлы Жаңатас қаласының тұрғындарына онлайн үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Жамбыл облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Жылқыбаев Досбол Мәлікомарұлы Жаңатас қаласының тұрғындарына онлайн үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Оплачено из средств Избирательного фонда Жамбылской области партии «Nur Otan»

Выборы-2021

0
0
1659

"Есіктен-есікке" акциясы

"Есіктен-есікке" акциясы аясында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Фазылбек Абылай Фазылбекұлы Ақтау  қаласы тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

0
0
193

Председатель КПК Жаяубаев Жанбол Карымсакович посетил объекты, реализуемые по программе «Нұрлы жол»

2020 жылы 15 желтоқсанда партиялық бақылау комиссиясының мүшелері ПБК төрағасы Жаяубаев Жанбол Қарымсақұлының басшылығымен Саран қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан объектіге барып, ондағы құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты. Рейд нәтижесінде барлық жұмыстардың бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқаны анықталды, орын алған заңсыздықтар жоқ.

15 декабря 2020 года члены комиссии партийного контроля под руководством председателя КПК Жаяубаева Жанбола Карымсаковича посетили объекты, реализуемые по программе «Нұрлы жол» в городе Сарани, где ознакомились с ходом строительных работ. В результате рейда установлено, что все работы ведутся в соответствии с утвержденным графиком, нарушений не выявлено.

0
0
192

16-Желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні.

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл  29 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай етіп жүрген Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы — Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ.                                                                                     Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті.                                               Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай! Бұл мереке күні Сіздерге тілейтінім зор-денсаулық, мақсат-жолдарыңызда сәттілік, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешулеріңізге тілектеспін!

0
0
385