Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат қала тұрғындарымен тікелей эфир өткізді.

2020 жылы 15 желтоқсанда облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Өтеубаев Талғат Бабашұлы қала тұрғындарымен тікелей эфир өткізді. Талғат Бабашұлы іс-шараға қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен және қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен таныстырды.

Өз сөзінде ол «Тұратын жеріне қарамастан, барлық сарандықтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау - «Nur Otan» партиясының негізгі міндеті.

Партия білім, денсаулық және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін нақты, тәжірибелік жұмысты жалғастырады.

Қаланың толыққанды өмір сүруін қамтамасыз ету үшін азаматтардың әртүрлі санаттары үшін қолайлы жағдайлар жасап, барлық тұрғындарды одан әрі дамыту жөнінде шешім қабылдауға тартуымыз қажет.

«Nur Otan» партиясы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және аға буынның белсенді ұзақ өмір сүрулері үшін жағдай жасау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі»,- деп атап өтті.

Тікелей эфирдің соңында эфирге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ, оларды азаматтық белсенділік танытып, 2021 жылдың 10 қаңтарында мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
128

Осы тақырып бойынша