Сіздерді – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – барша Қазақстан халқы ерекше қадірлейтін, өткеннен тағылым алып, келешекке байыпты қадам жасайтын маңызды күн. Бұл мереке халқымыздың сан ғасырлық арман-мұраттарымен сабақтасып жатқанымен де құнды.
Бүгінгі тәуелсіздік – кешегі ата-бабаларымыздың төккен тері мен қан майдандардағы аққан қанының өтелуі. Қаншама қилы кезеңдерді басынан кешіп, болашақ ұрпағына бейбіт күн сыйлаған бабаларымыздың аманатына адалдық таныту – біздің ең үлкен міндетіміз. Биыл біз ел Тәуелсіздігінің 29 жылдығын қарсы алып отырмыз. Осы жылдар ішінде еліміз қарқынды даму жолына түсіп, бәсекеге қабілетті мемлекетке айналды. Экономикалық, әлеуметтік салаларда табысқа жетіп, дамыған еңселі елдер қатарындағы өз орнымызды айшықтап алдық. Біз осы жетістіктердің барлығына бірлік пен бейбіт өмірдің арқасында қол жеткіздік.
Қадірлі жерлестер!
Еліміздің қарыштап дамып, толағай табысқа жетуі – халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің жемісі. Олай болса, бірлігіміз бекем, ынтымағымыз ырысты болып, тәуелсіз еліміз гүлдене берсін.
«Nur Otan» партиясы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және аға буынның белсенді ұзақ өмір сүруіне жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударып отыр.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталының жұмысын жетілдіруге септігін тигізеді. Оларға спорт кешенін салу. Үйде әлеуметтік қызмет көрсететін, қалалық әлеуметтік көмек орталығының жанында жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедек балаларға арналған демалыс үйірмелерін ұйымдастыруға ықпал етеді. Қаланың ең жанданған 5 қиылысында көру қабілеті бұзылған мүгедектер үшін дыбыс сигнализациясын орнататын болады. Сонымен қатар бес жыл ішінде «Инватакси» қызметтерінің үздіксіз жұмыс істейтін болады,-дейді Шахан Жолдасбаев.
Алдағы бес жыл ішінде партия мүгедектердің шағын және орта бизнеске қол жетімді болуын қамтамасыз етеді. Олар үшін пандустар, лифттер және жуынатын бөлмелер және орнатылады.
- Құтты мекен Ақтөбеге сыйлы болған азаматтарымызға
сайлауалды бағдарламаны насихаттауға келіп отырмыз. Осы жылы барлығымыз үшін сынақ болды. Пандемиядан кейін көп адамдардың көзқарастарды өзгерді. Барлығы ретімен реттеліп жатыр. Осы сайлауда «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі бағдарламсы жеті бағыттан тұрады,-деді Аслан Жұмашев.
Кездесу барырысында үміткерлер «Экономикалық тұақты қала», «Жайлы қала», «Әлеуметтік бағдарланған қала», «Жастар үшін қала», «Тарихы мен мәдениеті бай қала», «Ашық және есеп беретін жергілікті органдар», «Қауіпсіз қала» деп жеке-жеке тоқталып өтті. Бірінші бағытқа кіретін азық-түлікті қамтамасыз етуге аса назар аударды.
- «Nur Otan» партиясы әрбір жеке азаматтың әл-ауқатының өсуіне ықпал ететін тұрақты экономикалық дамуды бағдар етіп қойды.
Жыл сайын кемінде 6 мың жаңа жұмыс орнын құрып, оның ішінде 18 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Партия азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты қанықтыру мәселелері ерекше өзекті болып отыр. Сондықтан ауыл шаруашылығын дамытуда басты назар ішкі азық-түлік нарығын сақтап, экспорт үшін жаңа мүмкіндіктер іздеуге аударылатын болады. Басында айтып өткенімдей әр бағыттың жаңа өгерістері мен ұсыныстары бар. Париямыздың басты міндетін өздеріңіз де білесіздер. Халық үшін қызмет жасайды,-деді Манас Ершеге.
Жиынға қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахат Мырзалин мен ақтөбелік ардагерлер қатысты. Олар үнемі «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын айтып, партияның жастарға көптеген мүмкіндік беріп отырғандарына риза екендігін айтып өтті.
- Кеңес үкіметінің уақытында бір адам сайлауға келмесе
адамдарды айдап алып келетін еді. Сайлауға қатынас жүз пайыз болатын. Қазіргі заңнама бойынша ешкімді сайлауға қинап шақырмайсың. «Nur Otan» бүгінгі таңдағы белді партия. Қалай десек те адамдар бір ғана идеямен өмір сүрмейді. Әр түрлі топта сан түрлі идея болады. Өткен жылдарда неше түрлі оқиғалар болды. Ата-бабаларымыз қазақтың жағдайы жақсы болсын деп тырысты. Біздің мемлекетіміз өте жақсы көтерілді. Тәуелсіздік алар тұста сауатсыз бір қазақ болған жоқ. Мемлекет болып құрылыдық деп сеніммен айтатын дәрежеге жеттік. Өз шекараларымыз бар. Барлығын елбасымыз бекітіп қойды. Соның барлығын «Nur Otan» партиясының күшімен құрды. Осы партия құрылғанан бастап соның мүшесімін. Сондықтан партия үшін дауыс береміз. Қашан да өз патиямызды қолдаймыз. Партия халық үшін барлығын жасап жатыр. Бұрын жеке адамды сайлайтын болса, осы жолы алғаш рет праймериз жасап халыққа таңдауға мүмкіндік берді,-деп алғысын білдірді Ахат Мырзалин.
Кездесу соңында адрагерлер қалалық маслихат депутаттығына үміткерлерге батасын беріп, ақтөбеліктерді алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Айгүл Арынғазиева, Талғат Хамитов, Мұратбай Әжібаев «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүшелерімен онлайн кездесу өткізді. «Nur Otan» партиясының Ақтөбе қалалық сайлауалды штабында өткен онлайн кездесуде кандидаттар кәсіпкерлерге сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.
“Қаламыз шағын және орта бизнес экономикасының өсуіне негізгі резервтерінің біріне айналуға тиіс.Қалада кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң өзгерісі байқалады. Шағын және орта бизнестің саны, өндіріс көлемі және бюджетке салықтық түсімдер өсіп жатыр. Дегенмен пандемияның таралуы және оның салдары кәсіпкерлерге әсер еткені рас. Біздің партия осының орнын толтырады. Бір ғана зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін де жағдай жасайтын болады. «Nur Otan» партиясы шағын және орта бизнесті дамытуға үлесін қосады,-деді Талғат Хамитов.
Сонымен қатар кандидаттар «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында несие беру тетіктерін пайдалана отырып, жылына кемінде 100 жобаны қолдау туралы бағдарламаның негізгі бағыттарын айтып өтті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жыл сайын 10 кәсіпкерге несие беріледі.
«Ақтөбеде бір жыл ішінде кемінде бір заманауи форматтағы супермаркет ашу жоспарланып отыр» деген Айгүл Арынғазиева кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, сайлауалды бағдарламада көрсетілген дамудың жеті басымдылығына тоқталды.
«Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында негізгі 7 бағытты назарға алып отыр. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Айтып өтетін болсам, дағдарыс кезінде «Nur Otan» партиясы тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнеске қолдау көрсеткен ді. Әрине, партия тек кәсіпкерлердің ғана емес, барлық салаға назар аударады. Оның ішінде білім, медицина, спорт саласына да мән беріп отыр. Қала тұрғындарын алдағы бес жыл ішінде жағымды жағалықтар мен өзгерістер күтеді,-деді ол.
Сөз соңында Мұратбай Әжібаев кәсіпкерлерді алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
“Біздің бағдарлама Ақтөбе қаласын кешенді дамытуға бағытталған. Біз қаламыздың бәсекеге қабілетті болуы үшін қашан да тырысамыз. «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің өркендеуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жұмыс істеуді жалғастыратын болады,-деді Мұратбай Әжібаев.
Жиынға келгендердің қатарынада білім саласының қызметкерлері мен ардагерлер болды.
Кездесуде «Nur Otan» партиясы Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Жүсіповтің кіріспе сөз сөйледі. Кандидаттар «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі жеті бағытын таныстырды. Оларға Заречный-1, 2, 3, 4, Қызылжар, Бекқұл баба ауыл ардагерлер кеңесінің төрағалары тарапынан он бестен астам сұрақ қойылды.
Жиналғандардың көп бөлігі латын әліпбиіне көшу, ауданды дербес бюджетке көшіру, мектептер мен балабақшалар, спорт кешендері мен медициналық мекемелер санын одан әрі көбейтуді сұрады. Көше атауларын беру, ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдардың сапасын жақсарту, қоғамдық көлік мәселесіне қатысты сауалдарына дажауап алды.
Кездесу соңында тұрғындар «Nur Otan» партиясына қолдау білдіріп, үміткерлерге сәттілік тіледі.
Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз 29 жыл бұрын ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Әлем қартасына Қазақстан атын ойып жаздық. Сол сәттен еліміздің жаңа тарихы басталды. Осы жылдар ішінде мемлекетіміз айтарлықтай өсіп-өркендеді, айтулы жетістіктерге жетті. Біз елдігіміз бен егемендігігімізді нығайтып, шекарамызды бекіттік. Бәсекеге қабілетті нарықтық экономикаға көшіп, мемлекетімізді аяққа нық тұрғыздық. Қазақстан әлем мойындаған іргелі елге айналды. Еуразия жүрегінде жаңа астанамызды салдық. Біз елімізде тұрақтылықты, қоғамымызда татулық пен келісімді сақтай отырып, көп ұлтты халқымызды бәсі бөлек артықшылыққа айналдырдық. Тәуелсіздікті алып, оны дүниеге паш ету бір бөлек, ал сол тәуелсіздікті сақтап қалу одан да зор міндет. Біз осы жылдар ішінде бұрынғы Кеңес одағы құлаған тұста дүниедегі ең үлкен экономикалық дағдарысты артқа тастап, қазіргі жаһандық пандемияны да еңсеріп отырмыз. Басымызға түскен сынақтар бізді шыңдап, рухымызды күшейтіп, жігерімізді арттырды, ортақ мақсатқа жұмылуымызға түрткі болды. Қазақстанның даму мен өркендеу жолында үнемі алға басуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, берік негіз қалыптастырдық. Тәуелсіздікпен бірге сан ғасырлық тарихымыз, төл мәдениетіміз бен ата дәстүріміз қайта түледі. Біз Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейінгі ұлан-ғайыр атырапты мекендеген баһадүр бабалардың ұрпағымыз. Үстірт пен Қарт Каспийдің жағасын, Сыр мен Ертістің арасын алып жатқан байтақ даланың заңды мұрагеріміз. Бұл – ата-бабамыздың аманаты. Осыны ешқашан ұмытпауымыз керек. Бабадан мирас болған қастерлі жерімізді көздің қарашығындай сақтау, тәуелсіздігімізді баянды ету, еліміздің жарқын болашағы үшін қызмет ету – бәріміздің асыл борышымыз.
Бүгін Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Ерден Халилин білім беру саласының өкілдерімен үгіт насихат кездесу өткізді.
Кандидат "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сайлаушылардың пікірлері мен ұсыныстарын назарға алып, 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырды.
Кандидат в депутаты Карагандинского областного маслихата Ерден Халилин провел сегодня агитационную встречу с представителями сферы образования.
Кандидат представил предвыборную программу партии «Nur Otan» и призвал их принять активное участие в выборах 10 января, учитывая мнения и предложения избирателей.
Оплачено из средств Избирательного фонда Карагандинской области партии "Nur Otan"
«Nur Otan» партиясының Қарағанды облысы бойынша Cайлау қорының қаражатынан төленген
Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып,дендеріңізге саулық,отбасыларыңға аманшылық тілеймін!Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!