ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында несие беріледі

Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Айгүл Арынғазиева, Талғат Хамитов, Мұратбай Әжібаев «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүшелерімен онлайн кездесу өткізді. «Nur Otan» партиясының Ақтөбе қалалық сайлауалды штабында өткен онлайн кездесуде кандидаттар кәсіпкерлерге сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

“Қаламыз шағын және орта бизнес экономикасының өсуіне негізгі резервтерінің біріне айналуға тиіс.Қалада кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң өзгерісі байқалады. Шағын және орта бизнестің саны, өндіріс көлемі және бюджетке салықтық түсімдер өсіп жатыр. Дегенмен пандемияның таралуы және оның салдары кәсіпкерлерге әсер еткені рас. Біздің партия осының орнын толтырады. Бір ғана зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін де жағдай жасайтын болады. «Nur Otan» партиясы шағын және орта бизнесті дамытуға үлесін қосады,-деді Талғат Хамитов.

Сонымен қатар кандидаттар «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында несие беру тетіктерін пайдалана отырып, жылына кемінде 100 жобаны қолдау туралы бағдарламаның негізгі бағыттарын айтып өтті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жыл сайын 10 кәсіпкерге несие беріледі.

«Ақтөбеде бір жыл ішінде кемінде бір заманауи форматтағы супермаркет ашу жоспарланып отыр» деген Айгүл Арынғазиева кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, сайлауалды бағдарламада көрсетілген дамудың жеті басымдылығына тоқталды.

«Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында негізгі 7 бағытты назарға алып отыр. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Айтып өтетін болсам, дағдарыс кезінде «Nur Otan» партиясы тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнеске қолдау көрсеткен ді. Әрине, партия тек кәсіпкерлердің ғана емес, барлық салаға назар аударады. Оның ішінде білім, медицина, спорт саласына да мән беріп отыр. Қала тұрғындарын алдағы бес жыл ішінде жағымды жағалықтар мен өзгерістер күтеді,-деді ол.

Сөз соңында Мұратбай Әжібаев кәсіпкерлерді алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

“Біздің бағдарлама Ақтөбе қаласын кешенді дамытуға бағытталған. Біз қаламыздың бәсекеге қабілетті болуы үшін қашан да тырысамыз. «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің өркендеуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жұмыс істеуді жалғастыратын болады,-деді Мұратбай Әжібаев.