Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті Төлеби ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік – барша Қазақстан халқы ерекше қадірлейтін, өткеннен тағылым алып, келешекке байыпты қадам жасайтын маңызды күн. Бұл мереке халқымыздың сан ғасырлық арман-мұраттарымен сабақтасып жатқанымен де құнды.

Бүгінгі тәуелсіздік – кешегі ата-бабаларымыздың төккен тері мен қан майдандардағы аққан қанының өтелуі. Қаншама қилы кезеңдерді басынан кешіп, болашақ ұрпағына бейбіт күн сыйлаған бабаларымыздың аманатына адалдық таныту – біздің ең үлкен міндетіміз. Биыл біз ел Тәуелсіздігінің 29 жылдығын қарсы алып отырмыз. Осы жылдар ішінде еліміз қарқынды даму жолына түсіп, бәсекеге қабілетті мемлекетке айналды. Экономикалық, әлеуметтік салаларда табысқа жетіп, дамыған еңселі елдер қатарындағы өз орнымызды айшықтап алдық. Біз осы жетістіктердің барлығына бірлік пен бейбіт өмірдің арқасында қол жеткіздік.

Қадірлі жерлестер!

Еліміздің қарыштап дамып, толағай табысқа жетуі – халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің жемісі. Олай болса, бірлігіміз бекем, ынтымағымыз ырысты болып, тәуелсіз еліміз гүлдене берсін.

Ізгі ниетпен,

«Nur Otan» партиясының атынан,

аудандық мәслихат депутаттығына кандидат

Н.Қойбағаров

2
0
167

Осы тақырып бойынша

Құрметті Төлеби ауданының тұрғындары мен қонақтары! - Yvision.kz