Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

- Құтты мекен Ақтөбеге сыйлы болған азаматтарымызға

сайлауалды бағдарламаны насихаттауға келіп отырмыз. Осы жылы барлығымыз үшін сынақ болды. Пандемиядан кейін көп адамдардың көзқарастарды өзгерді. Барлығы ретімен реттеліп жатыр. Осы сайлауда «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі бағдарламсы жеті бағыттан тұрады,-деді Аслан Жұмашев.

Кездесу барырысында үміткерлер «Экономикалық тұақты қала», «Жайлы қала», «Әлеуметтік бағдарланған қала», «Жастар үшін қала», «Тарихы мен мәдениеті бай қала», «Ашық және есеп беретін жергілікті органдар», «Қауіпсіз қала» деп жеке-жеке тоқталып өтті. Бірінші бағытқа кіретін азық-түлікті қамтамасыз етуге аса назар аударды.

- «Nur Otan» партиясы әрбір жеке азаматтың әл-ауқатының өсуіне ықпал ететін тұрақты экономикалық дамуды бағдар етіп қойды.

Жыл сайын кемінде 6 мың жаңа жұмыс орнын құрып, оның ішінде 18 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Партия азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты қанықтыру мәселелері ерекше өзекті болып отыр. Сондықтан ауыл шаруашылығын дамытуда басты назар ішкі азық-түлік нарығын сақтап, экспорт үшін жаңа мүмкіндіктер іздеуге аударылатын болады. Басында айтып өткенімдей әр бағыттың жаңа өгерістері мен ұсыныстары бар. Париямыздың басты міндетін өздеріңіз де білесіздер. Халық үшін қызмет жасайды,-деді Манас Ершеге.

Жиынға қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахат Мырзалин мен ақтөбелік ардагерлер қатысты. Олар үнемі «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын айтып, партияның жастарға көптеген мүмкіндік беріп отырғандарына риза екендігін айтып өтті.

- Кеңес үкіметінің уақытында бір адам сайлауға келмесе

адамдарды айдап алып келетін еді. Сайлауға қатынас жүз пайыз болатын. Қазіргі заңнама бойынша ешкімді сайлауға қинап шақырмайсың. «Nur Otan» бүгінгі таңдағы белді партия. Қалай десек те адамдар бір ғана идеямен өмір сүрмейді. Әр түрлі топта сан түрлі идея болады. Өткен жылдарда неше түрлі оқиғалар болды. Ата-бабаларымыз қазақтың жағдайы жақсы болсын деп тырысты. Біздің мемлекетіміз өте жақсы көтерілді. Тәуелсіздік алар тұста сауатсыз бір қазақ болған жоқ. Мемлекет болып құрылыдық деп сеніммен айтатын дәрежеге жеттік. Өз шекараларымыз бар. Барлығын елбасымыз бекітіп қойды. Соның барлығын «Nur Otan» партиясының күшімен құрды. Осы партия құрылғанан бастап соның мүшесімін. Сондықтан партия үшін дауыс береміз. Қашан да өз патиямызды қолдаймыз. Партия халық үшін барлығын жасап жатыр. Бұрын жеке адамды сайлайтын болса, осы жолы алғаш рет праймериз жасап халыққа таңдауға мүмкіндік берді,-деп алғысын білдірді Ахат Мырзалин.

Кездесу соңында адрагерлер қалалық маслихат депутаттығына үміткерлерге батасын беріп, ақтөбеліктерді алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

0
0
118

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді - Yvision.kz