Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қарғалы тұрғындары "Nur Otan" партиясын қолдайды

Жиынға келгендердің қатарынада білім саласының қызметкерлері мен ардагерлер болды.

Кездесуде «Nur Otan» партиясы Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Жүсіповтің кіріспе сөз сөйледі. Кандидаттар «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі жеті бағытын таныстырды. Оларға Заречный-1, 2, 3, 4, Қызылжар, Бекқұл баба ауыл ардагерлер кеңесінің төрағалары тарапынан он бестен астам сұрақ қойылды.

Жиналғандардың көп бөлігі латын әліпбиіне көшу, ауданды дербес бюджетке көшіру, мектептер мен балабақшалар, спорт кешендері мен медициналық мекемелер санын одан әрі көбейтуді сұрады. Көше атауларын беру, ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдардың сапасын жақсарту, қоғамдық көлік мәселесіне қатысты сауалдарына дажауап алды.

Кездесу соңында тұрғындар «Nur Otan» партиясына қолдау білдіріп, үміткерлерге сәттілік тіледі.

0
0
149

Осы тақырып бойынша

Қарғалы тұрғындары "Nur Otan" партиясын қолдайды - Yvision.kz