Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Елімізде педофилдерді өмір бойына түрмеге қамауды қарастыратын заң жобасы қарала бастады

«Кейбір заңнамалық актілерге әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мәжілістің қарауына келіп түсті. Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бұл заң жобасы мәжілісмендердің бастамасымен әзірленген.

Фото: krichevlive.by-

«Жоба Мемлекет басшысының отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келеді. Заң жобасында тиісті негізгі нормаларды ұсынып отырмыз. Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді қазіргі әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу және де жазасын әлдеқайда қатаңдату ескерілген. Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тиісті шараларды қабылдау құқығын беру қарастырылған», - деді Асхат Аймағамбетов.

Депутаттың айтуынша, заң жобасында педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы да норма бар. Сондай-ақ онда суицидке итермелеу жайы қаралған.

«Суицидты насихаттау немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ескерілген. Бұған қоса, балаларға арналған интернаттық ұйымдарды алдын-ала ескертпей-ақ, кезкелген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар ұсынылды. Аталған заң жобасы бойынша Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Аймағамбетов.

0
0
180

Осы тақырып бойынша

Елімізде педофилдерді өмір бойына түрмеге қамауды қарастыратын заң жобасы қарала бастады - Yvision.kz