Оқушы жасанды интеллектіні қазақша сөйлетті
Қызылордалық 16 жасар Асылжан Абдуллаев жасанды интеллектіні қазақша сөйлетті. Жас өнертапқыш жаңашыл жобасына QazaqGPT деп ат қойыпты.

Аталған жоба OAI архитектурасы негізінде жасалған. Бұйрық берсеңіз сурет салады, дыбыстама жасайды және кез келген мәтінді жазып, есеп шығарады. Оның жобасы америкалық прототиптерге қарағанда ауқымдырақ. Қазірдің өзінде 2000-нан аса адам пайдаланып көрген.
«Арнайы қосымшаны наурыз айына дейін іске асырамыз. Себебі серверлер жоғалып кетпейді. Америкада өтетін байқауға өтінім жібердік. Іріктеу сынынан өтіп, жартылай финалға жолдама алдық», — дейді Асылжан.
kaz.inform.kz-
