Мазмұнға өту

Жаңа

Кезекті үгіт-жұмыстары "Есіктен-есікке " акциясы аясында өтуде

Кездесудің мақсаты әр кез жаңалықтан қалыс қалмайтын Қымбат жеңгемізбен партия бағдарламасы туралы ой бөлісу еді.Талай жылдар жауапты жұмыстарды атқарған ардақты ана лезде біздің бағытымызды қолдай сөйлеп біз біргеміз еліміз тыныш болсын деп қолымызды қысып шығарып салды.

0
0
193

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Біз 29 жыл бұрын ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Әлем қартасына Қазақстан атын ойып жаздық.

Қазақстан әлем мойындаған іргелі елге айналды.

Еуразия жүрегінде жаңа астанамызды салдық.

Біз Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейінгі ұлан-ғайыр атырапты мекендеген баһадүр бабалардың ұрпағымыз.

Үстірт пен Қарт Каспийдің жағасын, Сыр мен Ертістің арасын алып жатқан байтақ даланың заңды мұрагеріміз.

Бұл – ата-бабамыздың аманаты.

Бабадан мирас болған қастерлі жерімізді көздің қарашығындай сақтау, тәуелсіздігімізді баянды ету, еліміздің жарқын болашағы үшін қызмет ету – бәріміздің асыл борышымыз.

⠀

Құттықтаудың толық мәтінін Elbasy.kz сайтынан оқи аласыз.

0
0
162

Үміткерлер сала мамандарымен кездесті

Қызылорда қалалық мәслихат депутаттағына кандидаттар үгіт-насихат жұмыстары аясында бірнеше сала мамандарымен кездесу өткізуде. Мәселен, бүгін Гүлнар Жұмашева, Әбіләзім Әбдіғабит және Айгүл Мұсабаева денсаулық және білім саласының өкілдерімен кездесті. Онлайн негізде ұйымдастырылған шараға аталған бағыт бойынша қызмет атқаратын мамандар қатысып, өз салалары бойынша түрлі ұсыныстар мен пікірлерін ортаға салды.«Zoom» бағдарламасы арқылы тілдескен кездесуде түрлі мәселелер де көтерілді. Мәселен, медицина саласымен білім саласының қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайымен тұрғын үймен қамтамсыз ету мәселесі бойынша сұрақтар қойылды.Сондай-ақ, кездесу барысында үміткерлер тарапынан «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы айтылды.Бағдарлама бойынша медицина ұйымдарын жоғары технологиялық құ…

1
0
164

" Zoom" платформасында кезекті үгіт-насихат жұмыстары

Бүгін " Zoom" платформасында Білім саласының қызметкерлерімен оның ішінде "Айгөлек" ясли балабақшасының басшысы Айкен Аманқосқызы және балабақша тәрбиешілермен Жылыой аудандық Білім бөлімінің әдіскері Қ. Замангалиевамен онлайн кездесу өткіздім. Кездесу барысында ауданның 2021-2025 жылдарға Сайлауалды бағдарламасымен таныстырдым. Онлайн қатысушыларының сұрақтармен ұсыныс - пікірлеріне жауап бердім. Білім саласының қызметкерлері алдағы науқанға сәттілік тілей отырып, "Nur Otan" партиясын толықтай қолдайтындықтарын жеткізді.

0
0
124

Үміткерлер қала кәсіпкерлерімен кездесті

«Nur Otan» партиясының атынан кезекті үгіт насихат жұмыстары Қызылорда қалалық «Nur Otan» ғимаратында өз жалғасын тапты. Кәсіпкерлермен жасалған атаулы жиынға облыстық мәслихат депуттатығына үміткерлер Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлы, Махашов Бақдәулет Еркінбекұлы және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Кушербаев Дархан Жомартұлы, Ізден Анар Жарылқасынқызы қатысты. Кездесу барысында кәсіпкерлер өндіріс саласындағы бірнеше мәселелердің басын қозғады.Соның бірі қол өнер саласының маманы қазіргі уақытта облысымызда жастар арасында қол өнер кәсібіне деген қызығушылықтың бәсеңдеп кеткенін атай отырып, түрлі сала мамандарының басын біріктіріп өндіріс орындарының көбірек ашылуы жөнінде өз ұсынысын білдірді.Осы орайда Ізден Анар Жарылқасынқызы балалар мен жастар құқығын қорғау туралы бастамас…

0
0
161

Құттықтау жалғасуда

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабымен бірге Жамбыл облысына бардық. Өнеркәсіп кәсіпорындарының ұжымымен, шағын және орта бизнес өкілдерімен, ауыл тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын талқыладық.Тұрғындар жастарға қолдау көрсету, денсаулық сақтау саласының сапасын көтеру, мемлекеттік органдар жұмысын жақсарту, ауыл шаруашылығын дамыту секілді мәселелерді көтерді. Аталған ұсыныстардың барлығы біздің сайлауалды бағдарламаларымызда қамтылған. Олар праймериз барысында жұртшылықпен кеңінен талқыланған болатын.Сонымен, өңірде 100-ден астам ауылды сапалы ауыз сумен, газбен және кең жолақты Интернетпен қамтамасыз ету жоспарланып жатыр. Сондай-ақ, 13 жаңа мектеп пен Оқушылар сарайын салу көзделуде.«ҚТЖ» Локомотив депосы мен «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытын…

0
0
162