Жүйнекте "Есіктен есікке" акциясы өтті
Бүгін Жүйнек ауылында "Есіктен есікке" акциясы өтті. Онда «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалынан облыстық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар Қалыйма Жантөреева мен Мұрат Садуов әрбір үйді аралап, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
Қаладағы кез келген адамның игілігіне қажетті, кем дегенде азық-түлік, киім-кешек, баспана, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету денсаулығын сақтап, оның және оның отбасының игілігі қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
- халықтың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының еңбекке жарамды мүшелерін жаңа жұмыс орындарына орналастыруға;
- әрбір ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге;
- демеушілер есебінен (тұрғын үй, азық-түлік пакеттері, қатты отын, нақты ақшалай көмек т.б.) әлеуметтік көмектер ұйымдастыруға;
- көпбалалы аналардың (4 және одан көпбалалы отбасы) қалаішілік автобустарда тегін жүруін қарастыруға;
- ауылдық округтердегі елді мекендерге қатынайтын, жолаушылар таситын автобустарды жаңарту мәселесін шешуге ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға дейін қала мен қалаға қарасты ауылдарда тұратын күнкөрісі төмен халықтың үлесі 28,2%-ға дейін төмендейді.
Құрметті сайлаушылар!
Алдағы сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз.
