Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Есіктен есікке" акциясы жалғасуда

Кентау қаласына қарасты Байылдыр ауылында "Есіктен есікке" акциясы өтті.

«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалынан облыстық және қалалық мәслихатқа ұсынылған үміткерлер Қалыйма Жантөреева, Баймахан Сүлейменов, Мұрат Садуов, Насиба Атаева, Кеңес Әуен, Данияр Юнусалиев, Жанат Тоғайбекова, Ұлбала Мұсаханова үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сайлаушылардың үйлеріне барып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Сондай-ақ, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

«Nur Otan» партиясы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғасады.

Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.

Алдағы сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз.

0
0
111

Осы тақырып бойынша

"Есіктен есікке" акциясы жалғасуда - Yvision.kz