Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бағдарламаның басымдықтарын түсіндірді

Жол – әрбір қала өмірінің басты күретамыры. Тұрғындар үшін барлық ауылдарда сапалы және жақсы жолдар мен инфрақұрылым болуы тиіс.

Бүгін «Nur Otan» партиясында өткен басқосуда сайлауалды бағдарламадағы жол жөндеу бағытындағы басымдықтар кеңінен сөз болды.

Облыстық мәслихатқа ұсынылған үміткерлер Мұрат Садуов, Данияр Юнусалиев, Әуен Кеңес әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирге шығып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

Онлайн өткен басқосуда сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

«Nur Otan» партиясы елді мекенішілік және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуді шешетін болады. Біздің міндет – 2025 жылға қарай аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын 100% жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу.

Құрметті сайлаушылар!

Алдағы сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз.

0
0
136

Осы тақырып бойынша

Бағдарламаның басымдықтарын түсіндірді - Yvision.kz