Байылдыр ауылының тұрғындарымен кездесті
Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші. «Nur Otan» партиясы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салады. Бүгін Байылдыр ауылында өткен үгіт – насихат жұмыстарының барысында сайлауалды бағдарлама кең көлемде насихатталды.
«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалынан облыстық және қалалық мәслихатқа ұсынылған үміткерлер Қалыйма Жантөреева, Баймахан Сүлейменов, Мұрат Садуов, Насиба Атаева, Кеңес Әуен, Данияр Юнусалиев, Жанат Тоғайбекова, Ұлбала Мұсаханова сайлаушылардың үйлеріне барып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Сондай-ақ, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
Алдағы сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз.
