Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ардагерлермен кездесті

Бүгін «Невада – Семей» қозғалысы мен ауған соғысы ардагерлері облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттармен онлайн бағытта кездесті.

Кездесу мақсатына сәйкес, “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасы кеңірек айтылды.

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы:

- Партия тарапынан әртүрлі бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Тек сайлау науқаны барысында ғана емес, уәде етілген жұмыстар қай кезде де назардан тыс емес. Айталық, 5 жылдық жоспарлаған жұмыстың осы уақытқа дейін 92%- ы орындалып, нәтижесін берді, - деді.

Қатысушылармен кездесуде облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Нәлібаев Мақсұт Ыбрайханұлы өзінің сайлауалды шарада атқарған жұмыстарымен бөлісті. Сонымен қатар, халыққа қолайлы жағдай жасау үшін алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға шолу жасады.

Кездесуде сөз алған облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Сақтағанов Қанағат Жанайбекұлы мен қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Жүнісов Абайбек Талғатұлы да тақырып аясында өз ұсыныстарын жеткізді.

Сондай-ақ, «Семей-Невада» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбішов Сәбит Ыдырысұлы өзінің партияға деген пікірімен бөлісіп, осы уақытқа дейін атқарылған «Невада – Семей» полигонының ардагерлеріне қатысты шараларға тоқталды.

«Невада – Семей» полигонының ардагері Нұрлан Мадешев өз ұсынысында қоғамдық орындарда ардагерлерге тиесілі жағдайдың жасалуы мен қызмет көрсетудің оңтайлы жолдарын қалыптастыру керектігін жеткізді.

0
0
185

Осы тақырып бойынша

Ардагерлермен кездесті - Yvision.kz