Мазмұнға өту

Жаңа

Қордай аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар С.Көпешов, М.Қарабаев, А.Аяпберген...

Қордай аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар С.Көпешов, М.Қарабаев, А.Аяпберген, А.Абдулла Қордай аудандық филиалының ғимаратында студент- жастармен "жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша кеңестер" тақырыбында онлайн кездесуін өткізді.

0
0
274

Қайрат Қабдешұлы Тұғыл ауылдық округінің бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу өткізді.

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қайрат Қабдешұлы Тұғыл ауылдық округінің бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу өткізді. Отырыс барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын баяндап, тұрғындардың түрлі сұрақтарына жауап берді.

0
0
186

Nur Otan сайлауалды штабы Шымкентке келді

Билеуші партияның Республикалық сайлауалды штабы Шымкентке келді. Шаһардағы медициналық және әлеуметтік қызметтер сапасын көтеру, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салу, оның ішінде жаңадан қосылған аудандарда құрылыс жүргізу мәселелерін талқылау үшін қала тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізді.«Nur Otan» партиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы 5 жылда Шымкент қаласында сайлауалды бағдарлама аясында 42 мектеп пен 22 медициналық мекеменің құрылысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қала шетіндегі 620 мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен, табиғи газбен және электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Әсіресе, әлеуметтік мұқтаж азаматтарға арналған 3 млн. шаршы метр тұрғын үй салуға баса мән беріледі. Ол үшін 3,5 мың пәтер салынады.Сапар барысында сайлауалды штаб мүшелері қаладағы…

0
0
221

«Маңғыстау облысының Құрметті Азаматы» атағы берілді

Егемен еліміздің ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні Маңғыстау облысы әкімдігі мен облыстық маслихаттың бірлескен шешімі негізінде өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, өсіп өркендеуіне өз үлесін қосқан, ұзақ жылдар өз қызметтерімен қоса, қоғамдық негізде қызмет атқарған елге танымал Таңғұлов Боқан ардагерімізге «Маңғыстау облысының Құрметті Азаматы» атағы берілді.

Құрметті марапатты облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Тулетов арнайы келіп табыстады және ардагеріміздің деніне саулық, отбасына амандық айта отырып, ақжарма тілегін жеткізді.

Түпқараған ауданы әкімдігі атынан Боқан ағайды марапатымен құттықтаймыз.

0
0
167

Облыстық сайлауалды штаб мүшесі Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы, аудандық сайлауалды штаб...

Облыстық сайлауалды штаб мүшесі Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы, аудандық сайлауалды штаб төрайымы Д.Сүгірбай, Жамбыл облыстық мәслихатына кандидаттар Л.Буларов, С.Есжанов және Қордай аудандық мәслихатына кандидаттар Р.Жатқанбай, К.Увалиева, Ғ.Алимжановтар Қордай ауылындағы «Нұр-Сәт» сауда орталығына барып, орталықтың қызметкерлерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттады. Сондай-ақ олар шағын және орта бизнес кәсіпкерлер өкілдерімен онлайн кездесуін өткізді.

0
0
249

Қайрат Қабдешұлы Тұғыл ауылдық округіне барып, тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

"Nur Otan" партиясы облыстық мәслихатына үміткер Қайрат Қабдешұлы Тұғыл ауылдық округіне барып, тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындармен көзбе-көз тілдесе отыра, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырып, алға қойған жоспарларымен бөлісті.

0
0
157

Тікелей эфирде сұрақтар қойылды

2020 жылдың 18 желтоқсаны күні аудандық мәслихат депутаттығына үміткер М.Мубараковқа тікелей эфирде сұрақтар қойылды. Тікелей эфирде сайлаушылар ауданның экономикалық жағдайы туралы, депутаттыққа өткен жағдайда қандай жұмыстар жасалатынын сұрады.

Үміткер алдағы жылдары ауданның білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы күрделі сұрақтарды жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешуге ат салысатындығын жеткізді.

Сонымен қатар үміткер сайлаушылардың пікірлері мен ұсыныстарын назарға алып, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
322