Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

8 мың жас жұмысқа орналасады

Nur Otan партиясы осындай міндет қойды. Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Бақыт Молдагереева онлайн кездесуде сайлауалды бағдарламаның осы және өзге де басымдықтарына тоқталды.

Жас кәсіпкер замандастарын белсенді болуға, алға мақсат қойып, оған жету жолын айқындауға шақырды. Бақыт Молдагерееваның өзі үй шаруасындағы әйелдерге көмектесу кешенінің негізін қалаған. Ол алғашқы жарнасы жоқ жастарға кәсіп ашудың тетігін түсіндірді.

«Бүгінде жастардың жолы ашық. Түрлі гранттың көмегімен өз ісін бастауға болады. Партия жыл сайын мемлекеттік грант бөліп, кәсіпкерлер қатарын арттыруға септігін тигізеді. Сонымен бірге ірі компаниялармен арада келісім бар. Олар облыстағы жоғары және арнаулы орта оқу орындары түлектерін еңбекке араластырады. Бұл жас мамандардың өз біліктілігін көрсетіп, кәсіби шыңдалуына ықпал ететін жұмыс», - деді ол.

Сонымен бірге жастарды жұмыспен қамып, шығармашыл және іскер жастардың шыңдалуына жағдай жасалады. Өңірде еріктілер тобының қызметін үйлестіру үшін еріктілер базасы құрылады. Еріктілер санын 2500 адамға дейін жетеді.

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

0
0
146

Осы тақырып бойынша

8 мың жас жұмысқа орналасады - Yvision.kz